Арзаннан үміт етпеңіз…

138
0
Бөлісу:

«Нұрлы жердің» қанша арзан пәтері «7–20–25» бағдарламасы бойынша сатылатыны мәлім болды. Индустрия және инфра­құры­лымдық даму ми­нистр­лігінің жоспары­на сәй­кес, 2019 жылы әкім­діктер «Нұрлы жер­дің» 3 мың 355 пәтерін «7–20–25» қатысушы­ла­ры­на, яғни барша қазақ­стандықтарға сататын болады.

Бұл ретте 7 пайыздық мөлшер­ле­ме­­мен 25 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген ипотекамен беріле­тін қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1 мың 282 пәтер), Ақтө­бе­де (605 пәтер) және Солтүстік Қа­зақстан облысында (411 пәтер) беріледі.
Өзге өңірлерде «7–20–25» ипо­те­калық бағдарламасы аясында баспанасы жоқ кез келген қазақ­стан­дық­қа ұсынылатын пәтерлер саны келе­сідей: Батыс Қазақстан облысы – 396, Маңғыстау облысы – 370, Түр­кістан облысы – 336, Жамбыл облысы – 278, Қостанай облысы – 252, Қызылорда облысы – 120, Павлодар облысы – 71.
Ұлттық банк жанындағы «Бас­па­на» ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникациялар депар­та­м­ен­тінің хабарлауынша, қалған жеті өңірде осы жеңілдетілген ипотекалық бағ­дар­лама аясында «Нұрлы жердің» әзірге бірде-бір пәтері сатылғалы отырған жоқ.
Осыдан бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер тек әкімдіктерде үй және жер кезегінде тұрғандар мен «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» салым­шы­лары арасында ғана бөлініп кел­ген. Алайда тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты жыл басынан бері, «Нұрлы жер» бойынша берілетін тұрғын үйге енді «7–20–25» аясында кез келген қазақстандық қол жеткізе ала­ды. Ол үшін басында баспанасы­ның болмауы және ресми табысының болуы шарт.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында негізінен ең көп дегенде 80 шаршы метрге дейін­гі 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер салынады.
«Баспана» ұйымы пәтерді әкім­дік­тер арқылы сатып алған жағдайда «7–20–25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемдердің қанша тең­ге­ні құрайтынын мысал түрінде түсіндірді.
Атап айтқанда, Астана, Алма­ты, Ақ­тау және Атырау қалаларын­дағы 1 бөл­­мелі (37 шаршы метрден жоға­ры) пәтер үшін ай сайынғы төлем (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде) – 37 мың 317 теңге, 2 бөлме­­лі­сіне (50 шар­шы метрден жоғары) – 50 мың 888 теңге, 3 бөлмелісі үшін (65 шар­шы метр­ден жоғары) 66 мың 154 теңге болады.
Қалған өңірлердегі баспана бойын­ша 1 бөлмелі (37 шаршы метр­ден жоғары) пәтер үшін ай сайынғы төлем – 29 мың 400 теңгені, 2 бөлмелі (50 шаршы метрден жоғары) үшін – 39 мың 579 теңгені, ал 3 бөлмелі (65 шаршы метрден жоғары) үшін 51 мың 453 теңгені құрайды.

Айхан Шәріп

Бөлісу: