Jas UP University іске қосылды

453
0
Бөлісу:

IQ coworking орталығында Nur Otan партиясының Астана қалалық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанаты Jas UP University жаңа жобасын ресми түрде іске қосты.

Көшбасшылық академия­сының базасында құрылған жастар жобасы – саясат, бизнес және журналистика саласындағы са­рапшылардан тұратын тренингтер жүйесі. Курс Nur Otan партиясымен «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалы база­сында құрылды. Жоба аясында белсенді жастар үшін тренингтер тегін өткізіледі.
Кездесуге Мәжіліс депутаты Павел Казанцев, «Қазмедиа» ме­диа мектебінің директоры Ма­хаббат Есен, «О’Азамат Груп» компаниясының жетекшісі Азамат Өмірзақов, «Қазақстанның Скаут­тық қозғалысын ұйымдастыру» қоғамдық бірлестігінің президенті Ильдар Катенов қатысты.
Іс-шараның модераторы, Ас­тана қалалық филиалы төр­аға­сының орынбасары Владислав Сергеев кездесу барысында атал­ған шараның мақсаты мен міндет­теріне тоқталды. Ол сондай-ақ жаңа жоба жастардың әлеуетін арттыруға бағытталғанын айтып өтті.
Мәжіліс депутаты Павел Ка­зан­цев Jas UP University жастардың қоғам белсенділерімен кездесуіне жол ашатынын жеткізді.
– Сіз бұл жобада өзіңізге қа­жетті білімді, дағдыларды және байланыстарды ала аласыз. Бұл қадам баспалдақтарда елеулі қадам жасау үшін маңызды, – деді ол.
Басқосуда «Қазмедиа» медиа мектебінің директоры Махаббат Есен кәсіпқой журналистика­дағы тәжірибесімен бөлісті.
– Журналистика уақыт өткен сайын даму үстінде. Техноло­гия­лардың жетілуінің арқасында жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Бү­гінде сапалы ақпаратқа деген қа­жеттілік артып келеді. Менің ойым­ша, бұл барлығы үшін пай­далы болмақ», – деді М.Есен.
«О’Азамат Груп» компания­сы­ның жетекшісі Азамат Өмірзақов Jas UP University жобасы бойынша бірқатар жаңа стратегиялық жобаларды жүзеге асырумен қатар, қазіргі заманғы ақпараттық әлемде сұранысқа ие болатын ұсыныстар да жасалатынын айтты. Өз ке­зегінде «Қазақстанның Скауттық қозғалысын ұйымдастыру» қо­ғам­дық бірлестігінің президенті Иль­дар Катенов белсенді жастардың әлемнің 170 елін біріктіретін халықаралық скауттық ұйымның ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана алатынын жеткізді.
Кездесу кезінде жастар өздерін қызықтырған түрлі мәселелер бойынша сұрақтарға жауап алды.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: