Ел қамқорлықты сезінді

380
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының тарихи сьезіне қатысқан ақтөбелік делегат жергілікті жерде қарапайым халыққа түсіндіру жұмыстарын жүр­гі­зіп жатыр. Кезекті кез­десу «Трансэнерго» АҚ-да өтті.

Nur Otan партиясының съе­зінде елдің әлеуметтік жағдайын көтеріп, халықтың хал-ахуалын жақсартуға арналған нақты тап­сырмалар берілді. Көпбалалы, мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жәр­демақыны арттырып, кәсіп ашу үшін жағдайы төмен отбасыға қай­тарымсыз грант беру қарасты­рыл­ды. Қазіргі уақытта әр аймақта ке­шенді жоспар құрылып, тұрмы­сы төмен отбасының әлеуметтік кар­тасы дайындалып жатыр. Арыз-шағым айта келген әр адам­ның тілегі қаралып, нақты көмек жайы да түсіндіріледі.
Ақтөбелік делегат съезде ай­тыл­ған әр тапсырманы халыққа түсіндіріп, кездесу өткізіп жатыр. Қалалық мәслихат депутаты, «Трансэнерго» АҚ БПҰ төрағасы Аманбай Сакиевтің қатысуымен коммуналдық мекеме қызмет­керлеріне елде қолға алынған істер жайы айтылды.
«Елбасы Үкіметке атаулы әлеу­меттік көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен 70 па­­йызға дейін арттыруды тап­сыр­ды. Бұрынғы өлшем – 50 па­йыз, яғни 14 849 теңге болса, енді 20 789 теңгеге көтерілді. Сонымен қатар көпбалалы отбасындағы әр балаға төленетін төлем 20 789 теңге көлемінде белгіленеді. Мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен мүгедектік алған, бірақ жасы 18-ден асқан бірінші топ мүгедек­терінің күтіміне де ақы беріледі. Облыс бойынша 3590 азаматтың жәрдемақысын 31,1 мың теңгеден 40,5 мың теңгеге дейін өсіру жос­парланып отыр. Бүгінде көпбалалы отбасыларды да, жалпы қарапайым халықты да толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі – баспа­намен қамтамасыз ету. Осы орайда Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтыл­ған отбасыларға пәтер сатып алу­дың қолжетімділігін арттыруды тапсырды. Бұл санаттағы азамат­тарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 па­йыз­бен тұрғын үй заемын беру же­ңіл­діктері тетіктерін әзірлеу тапсы­рылды», – деді А.Сакиев.
Жиын соңында қатысушылар қалалық мәслихат депутатына өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, жауа­бын алды. Депутат өз кезегінде көп­балалы аналарды, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау бағытындағы өз ұсыныс-пікірін де жеткізді.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА,м Ақтөбе облысы

Бөлісу: