БАСПАНАҒА КІМ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ?

387
0
Бөлісу:

Шымкентте Nur Otan партиясы қалалық филиа­лының Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы, Кеңес төрағасы Ғани Ташқараев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Жиында сөз алған қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейт Рабаев пен тұрғын үй және түрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Аширбаева Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауының бірінші бағытындағы «Әр отбасы үшін тұрғын үйді алу­дың жаңа мүмкіндіктерінің» іске асырылу барысы туралы сөз болды.
«Шымкент қаласы бойынша
«7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында 3,406 млрд теңге болатын 340 өтінім қабылданып, оның 166-сы қанағат­тандырылды. Басқарма тарапынан «7 – 20 – 25» бағдар­ламасы шеңбе­рінде алғашқы жар­наға көмек көр­сету жолдары қарастырылып, жобасы Үкіметке жіберілді. Осы мәселе барлық өңірлермен талқы­ланып, қазіргі таңда республикалық деңгейде бірыңғай ереже дайын­далуда», – деді Гүлнар Аширбаева.
Ал «Баспана» акционерлік қоға­мының Шымкент қаласы бойынша ипотекалық ұйымының басшысы Қасымбек Маликов бұл бағдар­ламаға меншік құқығында баспа­насы және басқа да ипо­текалық қарыздары жоқ Қазақ­стан­ның әрбір азаматы қатыса ала­тынын атап өтіп, оған қандай құ­жаттар жинау қажеттігін ескертті.
– Қазіргі таңда Шымкент қа­ласында «7–20–25» Ақпараттан­дыру орталығы» ашылып, онда екіншідеңгейлі банк өкілдері мен құрылыс компанияларының, «Бас­пана» ИҰ» АҚ өкілдері азаматтарға бағдарламаға қатысты сауалдар бойынша түсіндірме жұмыста­рын жүргізіп отыр. Біз ресми www.baspana72025.kz ­сай­тын іске қостық. Сайттан бар­лық қа­жетті ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар жергілік­ті ­бұ­­­қа­­ралық ақпарат құрал­дарын­да бей­­нероликтер көрсе­тіліп, нұс­қаулықтар тараты­луда, – деді ол.
Отырыс барысында партия­лық­тар тарапынан бастапқы жарнаны субсидиялау, көпбалалы отба­сы­ларға алғашқы жарнаға көмек көрсету жайы және азамат­тардың несие тарихы бойынша пробле­малық мәселелері талқы­ланып, ұсыныстар айтылды.

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы

Бөлісу: