Кемел келешек үшін…

379
0
Бөлісу:

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасын көп­шілікке таныстырып, аталған құжаттың 10 бағыттан тұраты­нын жеткізді.
Бұл құжаттың мазмұн­ды­лығынан, стратегиялық жос­пар­­лығынан Елбасының көре­гендігі мен халыққа деген ыс­тық ықы­ласын байқауға болады.
Онда көпбалалы отбасы­ларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі, мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысы
30 пайызға өсетіні айтылды. Бұл – біздің қарапа­йым отба­сылар үшін және де осы аталған сатыдағы көптеген жандар үшін қуантарлық жаңалық.
Қарапайым жұмысшыдан бастап, мемлекеттік қыз­метте­гілердің айлық жалақысының арта түсетіні, ел экономика­сы­ның цифрландыру және жас­тарға сапалы білім беру жайт­тары да назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар отандық медицина саласын дамытуға да жіті көңіл бөлінетіндігі туралы айтылды.
Бұл құжат халық игілігі үшін, жас буынның кемелді келешегі үшін, мемлекетіміз өркениетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін жасалған іспетті және де осын­дай саяси жаң­ғыртулардың жал­ғаса бере­тініне сенім білдірді. Елба­сының бұл бастамасы уақыттың талабынан туындап отыр деп есептеймін.

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ,
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Nur Otan партиясының мүшесі

Бөлісу: