Батыл қадамға барды

84
0
Бөлісу:

– Nur Otan партиясының XVIII съезінде халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған жаңа бағыт, айқын мақ­саттар қойылды. Біз, облыстық Қазақстан халқы ассамблея­сының Аналар кеңесі мүшелері, «Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» док­тринасын мұқият тыңдап, зор ықыласпен қабылдадық.
Ел мүддесіне қыруар қаржы жұмсалып, өңірлердің, аудан­дарымыздың дамуына зор сер­пін беретін мақсаттар қойылды. Елбасымыз әлеуметтік салаға республикамыздың барлық кірісінің 45 пайызы бөлінетінін айтты. Бұл бұрын-соңды бол­маған үлкен қаржылай қолдау.
Елбасы көпбалалы аналар, әлеуметтік әлжуаз топтағы адамдардың, мүгедектердің мұң-мұқтажына зор көңіл бөліп отыр. Көпбалалы отба­сындағы әр балаға төленетін жәр­демақы көлемі 21 000 тең­гені құрайтын болды. Бұл – өте үлкен көмек.
Президенттің айқындаған
10 мақсаты – жас отбасылар үшін баға жетпес көмек. Әр от­басы қолжетімді тұрғын үйді арман­дайды. Жылдан-жылға тұрғын үй құрылысы артып ке­леді. Осы жолы да «Нұрлы жол» бағдар­ламасы аясында 40 мың жал­дамалы пәтер салуға тап­сырма берілді. Бүгінгі қабыл­дан­ған доктрина – сол арманға жетудің бірден-бір нақты қадамы.
Әлемдік аренада әртүрлі масштабтағы, түрлі даму жо­лындағы қаншама мемлекеттер бар. Бірақ бүгінгі әлемдік эко­номикалық дағдарыс жағда­йында халқының әлеуеті үшін осындай батыл қадамдарға ба­рып, бюджеттен қыруар қар­жы бөліп, шешім қабылдап отыр­ған Қазақстан ғана. Осы­ның барлығы еліміздің Пре­зиденті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасы деп білеміз.
Біз, Аналар қауымы, жас­тарымызға ел бірлігін, ұрпақ сабақтастығын насихаттай отырып, Елбасының үмітін ақтап, Отанымыздың берік болашағын тәрбиелейміз деп сендіргіміз келеді.

Салима НҰРМАҒАМБЕТОВА,
Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің құрметті төрайымы,
Nur Otan партиясының мүшесі

Бөлісу: