«Нұр­лы жермен» пәтер ал!

216
0
Бөлісу:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының ХVІІ сьезі өтті. Болашағы бағамды бұл ауқымды шараға мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында республиканың барлық өңірінде өткен кон­ференцияларда сайланған де­ле­гаттар, мемлекеттік бас­қару ор­гандарының, ұлттық хол­динг­тердің басшылары, мә­дениет және спорт қай­раткер­лері, дипломатиялық корпус­тың, үкіметтік емес ұйым­дар мен жастар ұйым­да­рының, бас­тауыш партия ұйым­да­ры­ның, бұқаралық ақ­парат құ­рал­дарының өкіл­дері қатысты.
Өзім көпбалалы ана болған­дықтан, әрбір балаға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы тө­ленеді дегенді естіп, қатты қуандым. Менің 7 балам бар.
Жиында мүмкіндігі шек­теулі бала асырып отырған ата-аналар мен отбасыларға мем­лекет тара­пынан жәрдем­ақы көлемі 30 па­йызға өсетін болды. Бүгінде 4 баладан көп баласы бар отба­сылардың саны 340 мың жан­ұядан асып жы­ғылады екен. Оларды қолдау үшін 500 млрд теңге бөлінген. Мұндай қолдау­лар әлі жалға­сын таба беретінін Елбасы баса айтты.
Баспанамен қамту мәселесі де мықтап қолға алынбақ. Яғни, көпбалалы, толық емес отба­сы­лар мен мүгедек баласы бар адам­дар үшін Үкімет «Нұр­лы жер» бағдарламасы арқылы 40 мыңға жуық пәтер салып, оны 3-5 па­йызбен несиеге беретін болды. Бұл үшін 7 жыл бойы 50 млрд теңге бөлінеді. Әрине, баспа­налы боламын дейтін отбасы­ларға бұл – таптырмас жеңілдік.
Бастысы, Елбасының сын­дарлы саясатына ризашылы­ғымды білдіремін. Биылғы Nur Otan партиясының сьезі көп­теген мәселенің шешілуіне ық­пал етті деп айтқым келеді.

Сетер ТҰРЛЫБЕКОВА,
көпбалалы ана,
Nur Otan партиясының мүшесі
(ШҚО, Үржар ауданы)

Бөлісу: