Конор МакГрегор АҚШ-та тұтқынға алынды

696
0
Бөлісу:

Екі салмақ категориясы бойынша бұрынғы UFC чемпионы ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор МакГрегор Флорида штатында тұтқындалды. Бұл туралы MMA Fighting порталы хабарлайды.

Спортшы екінші деңгейдегі қарулы тонау және үшінші деңгейлі бұзақылық бойынша айыпталып отыр. Полицияның түсіндіруінше ол Майами-Бичтегі Fountainebleu отелінің жанында фанаттардың біріне шабуылдап, оның смартфонын тартып алып, аяғымен таптап, қалдықтарын алып кеткен.

Дерек көзі ұсынған мәлімет бойынша, спортшы түнгі клубтан 11 наурыз күні таңғы бесте шығып кеткен. Жанкүйерлерінің бірі онымен суретке түспекші болған кезде МакГрегор оның телефонын тартып алып, сындырып, аяғымен қайта-қайта таптап тастаған.

Зардап шегуші сматфонының құнын мың долларға бағалаған. Спортшы оқиға орнында қолға түспеген. Тәртіп сақшылары оны өз үйінен тауыпты. Ол қазіргі таңда Майами-Дейдтегі түрмеде қамауға алынған. Спортшының адвокаты аталған оқиғаны «аздаған түсініспеушілік» деп атаған.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: