Қазақстандық телеарна Жүкембаевтың жекпе-жегін көрсететін болды

731
0
Бөлісу:

Қазақстандық «Хабар» телеарнасы кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегін тікелей эфирде көрсететін болды.

Батырдың кездесуі Канаданың Монреал қаласында өтеді. Қарсыласы – мексикалық Карлос Хименес. Бірінші орта салмақ дәрежесінде өтетін он раундтық кездесу бокс кешінің басты оқиғасы саналады. Сондай-ақ андеркартта тағы бір қазақстандық боксшы Нұрзат Сәбиров аргентиналық Сезар Рейносоға қарсы жұдырықтасады.

Жүкембаевтың жекпе-жегі Астана уақытымен 17 наурыз күні таңертең басталады. Тікелей эфир таңғы 8:00-де басталады. 27 жастағы Жүкембаев пен 25 жастағы Сәбиров барлық кездесулерін Канадада өткізіп келе жатыр. Екеуі де Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясының құрамында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

❗❗❗❗Кәсіпқой бокстағы жорығыма тілеулес – күллі қазақ бокс жанкүйерлеріне! Менің келесі жекпе-жегімді «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен, 17 наурыз яғни жексенбі күні, сағат 8:00-де тамашалай аласыздар! Алла қаласа, жеңіс үшін бар күш-жігерімді саламын! Сіздердің қолдауларыңыз маңызды! Рақмет! ❗❗❗❗Уважаемые болельщики! Мой следующий бой вы можете посмотреть 17 марта в прямом эфире телеканала «Хабар», в это воскресенье, время 8:00;ин ша Алла , буду биться для победы! Спасибо Вам за поддержку! . . . . #Аллахуакбар

Публикация от 🔱BATYR777 (@batyr_jukembaev)

Бұл жекпе-жек үшін Жүкембаев өз карьерасындағы рекордтық сыйақы алады. Яғни, осы кездесу үшін Батырға 40 мың доллар төленбек. Сондай-ақ оның бұл кездесуін америкалық промоутерлер де келіп көрмек. Демек, Батыр жақын арада АҚШ-қа ауысуы да әбден мүмкін.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: