ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ – ҰЛТ АМАНДЫҒЫ

434
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен №2 емханада Nur Otan партиясының ХVІІІ cъезінің делегаттарымен кездесу өтті. Кездесуде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауда денсаулық саласының дамуына арналған бағыты кеңінен талқыланып, түсіндірілді.

Атырау қаласы медицина саласы қызметкерлерімен кездесуге төраға­лық еткен Nur Otan партиясы қала­лық филиалының бірінші орын­басары Ә.Зайдуллин кездесудің мақ­сатын түсіндірді. Дәрігерлермен кездесуде Елбасы қатысуымен өткен Nur Otan партиясының ХVІІІ cъезін­де қозғалған мәселелер съезд деле­гат­тары тарапынан кеңі­нен айтылды.
Жолдаудың Қазақстанның жүйе­лі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екені тілге тиек болған жиында сөз алған Атырау облыстық кардиология орталығының бөлім меңгерушісі, штат­тан тыс бас кардиолог, сьезд делегаты Жанар Оралбекова:
– Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеу­меттік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстан­дықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қам­қор­­лығынан тұратын Жолдаудың маз­мұнын барша халыққа, соның іш­ін­де денсаулық саласы маман­дарына жіті түсіндіріп, жауапкер­шілікпен қызмет атқару. Ұлттың саулығы – білікті дәрігерлердің дер кез­ін­де халыққа қалтықсыз қызмет атқаруында» деген Жанар Мейрам­қызы Жолдау аясында денсаулық саласындағы халыққа алғашқы жәр­дем беретін құрылымдардың жағдай­ын жақсарту үшін қаржы мәселесімен бірге дәрігерлердің халықтың өмірі үшін күресте оң нәтижеге жеткізетін іс-шаралардың атқарылуына жағдай болатынын айтты.
Биыл шілде айынан бастап ден­сау­лық саласындағы ембикелер мен кіші медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артып, елімізде жетіспейтін денсаулық саласы ма­ман­дардың да жалақысы артып, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне мүм­кіндік туатыны белгілі. Халық­тың денсаулығының, өмір сүру ұзақтығының кепілі боларлық оң жағ­дайлар жан-жақты сарапталып, айтылған кездесуде дәрігер мамандар съезд делегаттарына сауалдар қойып, тұшымды жауап алып тарқасты.
Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу: