Акция жалғасуда

97
0
Бөлісу:

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларға көмек көрсету науқаны жүріп жатыр. Игі бастама Ақмола облысында да жалғасын тапты. 

Наурыз Сhallenge партиялық акциясы аясында ақмолалық кәсіпкерлер көмекке зәру отбасыларға көмек көрсетті. Ақмола облысы Ақкөл ауданында тұратын кәсіпкер Ардақ Дәулетбеков көпбалалы отбасына балаларға арналған тағамдар мен бүлдіршін­дерге арнап киім-кешек алып берді.
Бұл акциядан Ақкөлдегі басқа да кәсіп­керлер шет қалмады. Бес және одан да көп баласы бар үйлерге отын, көмір, азық-түлік түрінде көмек беріп жатыр. Бұған қоса, партиялықтар көпбалалы әрі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға заңгерлік кеңес беріп, тиісті құжат жинауға қол ұшын созып келеді.
Бүгінде Ақкөл ауданында 245 көпбалалы отбасы бар болса, олардың 27-сі – әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатында.
Еліміздің барлық өңірінде Наурыз Сhallenge партиялық науқаны жалғасуда. Бұл орайда, отандық кәсіпкерлердің белсенділік танытып жатқаны көз қуантып, көңіл жадыратады.
Әбілмансұр ЖАСАН

 

Бөлісу: