Салымшылар таңдауы – зейнетақы қоры

125
0
Бөлісу:

Бұқаралық ақпарат құрал­дарында Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қорының құрыл­ғаны қор нарығына кері әсер еткені, соның салдары­нан салымшы­лар жинақтарын өз таңдауы бойынша инвестициялау құқығынан айырылғаны туралы әңгімелер оқта-текте бой көрсетіп қалады. Тіпті, қорды жауып, зейнетақы жинақтарын банк депозиттерінде сақтауды ұсынатындар да бар. Осыған байланысты аталған мәселенің ақ-қарасын анықтауды жөн көрдік.

Қордың тиімділігі неде?
2013 жылы 22 тамызда ГНПФ ба­засында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. 2013 жыл­дың қыркүйегі мен 2014 жыл­дың наурызы аралығында БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы қорларының зей­нетақы активтері мен міндет­теме­лері берілді. Зейнетақы активтері Ұлттық банктің сенімгерлік бас­қаруына берілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорын құру және барлық зей­нетақы жинақтарын бір қорға шо­ғырланды­ру – салымшылар мен алу­шылардың біртұтас базасын жа­сауға мүмкіндік берді. Соның арқа­сында техникалық шоттар азайтылды.
Айта кетелік, зейнетақы қоры­ның біртұтас базасы жоғары дең­гейде мониторинг және талдау жа­сауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз ке­зегінде отандық зейнетақы жүйе­сін дамы­тудың жаңа бағыттарын айқындауға септігін тигізеді. БЖЗҚ-ны құрудың арқасында зей­нетақы активтерін есепке алу және сақтауға байланысты опера­циялық шығындарды және әкімшілік шы­ғындарды қысқартуға қол жеткі­зілді. Үлестес тұлғалармен көпе-кө­рінеу залалды мәміле жасау тәуекелі жойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға көшіп-қонуы тоқтатылды.
Кезінде жеке қорлар зейнетақы активтерінен – 0,05 пайыз, ал инвес­ти­циялық табыстан 15 пайыз мөл­ше­рінде комиссиялық сыйақы алып кел­ген болса, БЖЗҚ бұл сыйақы­лар­ды бірден екі есеге дейін қыс­қартты. Оларды кейінгі жыл­дары тағы бір­­неше рет азайтуға қол жеткізілді. Бүгінде қордың комис­сиялық сыйа­қы­сының 2019 жылға арналған шамасы:
1) инвестициялық табыс сома­сының 5,0 пайызы;
2) зейнетақы активтерінің айы­на 0,015 пайызы көлемінде бекі­тілген.
Жеке қорларда 7 мыңнан астам адам жұмыс істеген болса, бүгінде БЖЗҚ қызметкерінің саны бұдан төрт есе кем. Соған қарамастан 7 мың адамның атқаратын жұмысын өз кү­шімен ойдағыдай жүзеге асы­рып ке­­леді. Ал бұл аз жұмыс емес: 2018 жы­лы салымшылар мен алу­шыларға қызмет көрсету бойынша барлығы 21 миллионға жуық опе­рация жүзеге асырылған. Олардың ішінде қор кеңселерінде орындалған опера­ция­лардың саны 5,3 миллион­нан асты. Яғни, қызметкерлер күніне 22 мың­нан астам операция орындады деген сөз. Есепті кезеңде қор кеңселерінде қызмет көрсететін мамандарға түсетін орташа жүктеме күніне 23 опе­рацияны, ал Қордың көшпелі қызмет көрсететін ма­мандары бо­йын­ша күніне 18 опера­цияны құра­ды. Ал бұл өте жауапты жұмыстар: шо­т­тардың есебін жүргізу, құжат­тарды дұрыс рәсімдеу, шарт жасасу, үзінді көшірме беру, салымшыларға дұрыс түсіндіру және барлық сұрақ­тарға дұрыс жауап беру және т.б. Мұндай жұмыстарды орындау үшін, әрине білікті қызметкерлер құрамы, қажетті инфрақұрылым қажет.
Депозит пен зейнетақы жинақтары
Екінші деңгейдегі банк депозит­тері мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының тағайындалу мақ­саты әрқалай. «Қазақстан Респуб­ликасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы» Заңға сәйкес қазақ­стандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зей­нетақы қорынан жүзеге асырылатын төлемдердің мақсаты – зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтардың күнделікті тіршілігін, лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету. Елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі, мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында оң­тайлы үйлестірілген. Яғни, жинақ­таушы зейнетақы жүйесінде болашақ зейнетақының қандай болатыны әрбір жұмыс істеуші азаматтың өзіне тікелей байланысты деген сөз. Яғни, болашақта зейнетақы жинақтары есебінен лайықты зейнетақы төлем­дерін алу үшін міндетті зейнетақы жарналарын қорға ерте бастан уақытылы және қомақты мөлшерде аударып тұрған абзал.
Сонымен қатар Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорындағы әрбір салымшының инвестициялық табыстарды қоса есептегендегі бүкіл жинағының тиісті кезеңдегі инфля­цияның жиынтық деңгейінен төмен емес мөлшерде сақталуына кепілдік беріледі. Оның үстіне жинақтар табысы тұрақты, сенімді қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Сәйкесінше шоттағы ақша таусыл­ғанша оған күн сайын табыс есеп­теліп отырады.
Тағы бір айта кететін жайт, Ұлт­тық Банк БЖЗҚ зейнетақы актив­терін басқару жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар әзірледі. Ол бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы ком­паниялардың басқаруына беру көз­делген. Басты мақсат – инвес­ти­циялаудың табыстылығын арттыру және салымшыға инвестициялық басқарушыны және ұсынылатын инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндігін беру. Соған сәйкес БЖЗҚ салымшысы басқарушы компанияны өзі таңдайтын болады. Бұл да зейнетақы жинақтарын кө­бейтуге септігін тигізеді. Ал жинақ­тарды бір компаниядан екінші ком­панияға ауыстыру жұмыстарын БЖЗҚ қызметкерлері жүзеге асыра­ды. Яғни, қор бәрібір зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы болып қала береді.
Ал екінші деңгейдегі банк де­позиттері салымшылар үшін ерікті сипатқа ие. Оны адамдар өздері таң­даған мерзімге, қандай да бір па­йыздық сыйақы алу үшін салуы мүм­кін. Оның үстіне банк депозит­терінің мемлекеттік кепілдік бо­йынша сақталуына заңнама жүзінде шектеу қойылған.

Қ.САПАРБАЕВ

Бөлісу: