ЕШКІМ ЕСКЕРІЛМЕЙ ҚАЛМАСЫН!

471
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасылар­ды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы нақты нәтижелерге жету үшін еліміз­дің аймақ­тарына іссапар­мен келуде. Атырауға Үкімет басшысы­ның орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған әлеуметтік блогының бірінші басшыларынан құралған жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеумет­тік шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келді. Кезде­суге келген атыраулықтар жергілікті халықпен жүзде­сіп, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарына жауап беріп, әлеуметтік нысандардағы жағдай­лармен танысу нәтижесі оң боларына сенім артты.

Үкімет басшысының орын­басары Гүлшара Әбдіқалықова Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы Н.Назарбаев әлеуметтік іс-шаралардың бас­талғанын атап өтті. Үкіметке, об­лыс әкімдеріне, нақты тап­сырмалар беріп, осы тапсыр­ма­лардың уақытылы орындалуын атап өткен болатын. Қазақстан дамудың жаңа дәуірін бастады, онда басты назар қазақстан­дық­тардың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік саланы – білім беруді, денсаулық сақтауды, тұрғын үй бағдарламаларын дамытуға ба­ғытталатын болады. Сонымен, қазіргі кезде осы жаңа бастаманы жүзеге асыратын «Әлеуметтік қамқорлық» атты ауқымды бағ­дарлама бастау алды. Елімізде көмекті ең қажет ететін аз қам­тылған отбасыларға көмек­тесу, сонымен қатар ең төменгі жалақы алатын, әсіресе, бюд­жеттік мекемелерде жұмыс істей­тін қызметкерлердің жа­лақысын көтеру мәселесін ше­шуге арналған бағдарлама» деген Гүлшара Наушақызы атаулы көмек алатын жандар мен жа­ла­қыны ең аз алатын балабақ­ша­дағы тәрбиешілер, кітапхана­шылар және аудан-ауылдарда ең төмен жалақы алатын қызмет­керлердің жағдайлары және аз қамтылған отбасыларды жал­дамалы тұрғын үймен қамта­масыз ету мәселелеріне, денсау­лық пен білім салаларына қа­тысты шешілетін мәселелер туралы кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар жиында пар­тия хатшысы Қаныбек Жұ­ма­шев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Күләш Шам­шидинова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық істері комитетінің төра­ғасы Мархабат Жайымбетов, Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің Орман және жануарлар әле­мі комитетінің төрағасы Каир Рыскелдинов мәлімдеме жасады.
«Әлеуметтік реформалар аясында әр отбасының құрамы мен байлығы туралы мәліметтер енгізілетін арнайы әлеуметтік карталар жасалатын болады. Мұнда олар қажет ететін қолдау шаралары пайда болады. Көп­балалы аналарға келетін болсақ, біз оларға жаңа өмір бастап, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік ­бе­ретін сертификаттар бере­міз», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың ай­туынша, білім беру саласында мұғалімдер мен оқытушыларға жалақы төлеу, сондай-ақ инфра­құрылымды дамыту, жаңа мек­тептер салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Атырау облысының тұрғын­дары әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан реформалар туралы то­лық түсініктеме алған кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесін шешу, жәрдемақы алу, әлеуметтік балабақша салу тура­лы сауалдар қойылып, сала ми­нистрліктері тарапынан жа­уаптар айтылды. Сайып кел­ген­де, Үкімет басшысының орын­басары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған әлеуметтік блогтың бірінші басшыларынан құралған жұмыс тобының келуінен аты­раулықтар «Әлеуметтік қам­қор­лық» бағдарламасы аясында тындырымды жұмыстар атқары­ларына сенім артты.
Кездесу қорытындысы бо­йынша Білім және ғылым ми­нистрі К.Шәмшидинова, Ден­саулық сақтау министрі Е.Бір­танов бастаған шағын топтар Махамбет және Мақат аудан­да­рына барып, азаматтарды жеке қабылдау, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерінің қызмет­керлерімен кездесулер өткізіп, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады.
Осы күні Премьер-министр­дің орынбасары әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған тұр­ғын үй кешені құрылысымен та­нысты. 72 пәтерден тұратын бі­рінші блокты 2019 жылғы нау­рызда пайдалануға беру көз­дел­ген. Шілдеде тұрғын үй кеше­ні­нің құрылысы толықтай аяқталады.
Бұдан өзге Г.Әбдіқалықова қалалық Жұмыспен қамту орта­лығы мен Халыққа қызмет көр­сету орталығының дайын­дығын тексеріп, Студенттер үйі­не бар­ды. Онда аз қамтылған отба­сы­лар­дан шыққан жастар­мен өзек­ті мәселелерді, сондай-ақ Жас­тар жылы аясында орын­далып жатқан іс-шараларды жүзеге асыру барысын талқылады.
Жұмыстың бірінші күнінің соңында аудандардың әкімде­рімен, кәсіпорындардың және кәсіподақтық ұйымдардың бас­шыларымен кеңес өткізілді, онда жұмысшылардың еңбек­а­қы­сын уақытылы және ла­йық­ты алуына қатысты құқықтарын қорғау, өндірісті жаңғырту, жұ­мысшылардың еңбек жағ­дай­ларының қауіпсіздігін қам­та­масыз ету мәселелері талқы­ланды. Жұмыс берушілердің, ең алдымен, жұмысшылардың әлеу­меттік осал санатына қа­тыс­ты әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлінді.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу: