«ЭЙР АСТАНА» ЕКІНШІ EMBRAER 190-E2 ҰШАҒЫН АЛДЫ

79
0
Бөлісу:

Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл – операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтың екіншісі. Қалған әуе кемелері 2019 жылы ішінде ұшып келмек. 

Әуе кемесі екі қозғалтқыш­пен жабдықталған тар фю­зе­ляж­­ды реактивті ұшағына жа­та­ды. Ол қысқа және орта қа­шықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максимал қа­шық­тығы – 5 300 шақырым. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 ша­қы­рымға алысырақ. Е2 ұша­ғы­ның аэродинамикасы жақ­сарған, фюзеляжы мен қа­­наттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалт­қыш­тары­­мен жабдықталған. Со­ны­мен қатар әуе кемесі үнем­ді, төмен зиянды заттар шы­­­ғарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді.
Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ол арқылы жолаушылар өздері­нің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.
Жаңа Embraer 190-E2 ұша­ғының бірінші коммерциялық рейсі 31 наурызда «Алматы – Орал – Алматы» бағытында орындалады. Әуелайнер Қа­зақ­стан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өз­бекстан, Тәжікстан, Қыр­ғыз­стан, Әзірбайжан, Гүр­жіс­тан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.
Алғашқы Embraer 190-E2 ұшағы 2018 жылдың желтоқ­санында келген, оның тұм­сы­ғына қар барысы бейнеленген. Жаңа әуелайнерлер 2011 жыл­дан бері пайдаланылып келген Embraer 190 бұрынғы үлгілерін ауыстыруға арналған.

Серік ӘЛІМЖАН

Бөлісу: