Табысын жасырған ұтылады

85
0
Бөлісу:

Келер жылдан бастап әрбір қазақстандық табыс декларациясын өткізеді. Декларация 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қағаз түрінде, ал 15 қыркүйекке дейін электронды түрде қабылданады. Декларацияны дер уақытында өткізбесе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (75 750 теңге) айыппұл салынады.

Табыс декларациясында: Жыл­жымайтын мүлікті (ғима­рат­тар, жер телімдері, үйлер, пә­терлер, Қазақстан ішіндегі және елден тысқары жердегі саяжайлар және т.б.), жылжы­ма­лы мүлікті (көліктер: мотоцикль, яхта, жеңіл және ауыр жүк көлік­тер және т.б.), ақша (банктегі және одан тысқары жердегі есеп­­шот, депозит, картадағы ақша, қолма-қол ақша), қарыз­ды (нотариалды түрде куәлан­ды­рылған және куәландырыл­ма­ған қолхаттар тіркеледі) то­лық көрсету міндетті. Жеке тұлға кім­ге қарыз, сол адамның ЖСН-і және сізге қарыз адам­ның ЖСН-і көрсетілуі тиіс. Сон­дай-ақ мұраға қалған, сый­лық­қа келген тарихи бағалы бұйымдар, әшекейлер, биоло­гия­лық активтер, яғни бұл бөлім­ге қорадағы малдың құны 500 мың теңгеден асса тіркейді.

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз