Димаш: Байқауды балаларға қалдырдым

197
0
Бөлісу:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World’s Best шоуынан кетті.

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған еді. Әнші осы әнді орындаған соң, әділқазылар күтпеген мәлімдеме жасады. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған. Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен жарысқысы келмейді. Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

 

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: