Президент Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды

128
0
Бөлісу:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласындағы шейх Заид мешітін аралады. 

Мемлекет басшысы шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, мешіттің архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы – 17 400 шаршы метр.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: