Көрісу күнін ерекше атап өтіп жатыр

163
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Көрісу мейрамын ерекше атап өтіп жатыр. Таңсәріден Астанадағы «Нұр Отанның» бас ғимаратына келуші қонақтарды, қызметкерлерді шашу шашып, ән-жырмен құшақ жая қарсы алды. «Айқынның» редакциясына арнайы келді.

 

Көрісу – ежелден сақталған ежелгі дәстүр. 14 наурызды «Көрісу күні» деп те атайды.

 

Қауышу күні ерте тұрып, елең-алаңнан амандық-саулық сұрасып, құшақтасып көрісіп, жасы үлкендерге арнайы барып сәлемдеседі. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!», «Жаңа жыл жақсылығымен келсін» деп тілек айтты. Көрісу күні бұрынғы өкпе-ренішті  кешіріп, араздық ұмытылады. Отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

 

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіреді. Көрісу бір күнмен шектеліп қалмайды. Жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем береді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: