Халыққа барлық жағдай жасалады

433
0
Бөлісу:

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша Nur Otan партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Ақтөбе халқымен кездесті.

Елбасы жуырда ғана өткен Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жөнінде Үкімет пен әкімдіктерге тапсырмалар берген еді. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік тұр­мысын жақсартуға арналған іс-шара­лардың жүзеге асырылуын бақылау қажетін нақты­лап айтты.
Осыған орай, партия өкілдері алыс ай­мақтардың тұрғындарымен жүз­десті. Басты мақсат – тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру­мен қатар жергілікті жерде шешіл­меген мәселе болса, соның себебін зерттеу, түбегейлі шешу. Атап айт­қанда, біріншісі – ең көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасыларға қолұшын беру. Сондай-ақ ең төменгі айлық та­бысы бар азаматтар ерекше қолдауға ие болады. Оның ішінде бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлер де бар. Екіншіден – баспанамен қамту. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, білім берудің сапасын көтеру. Үшіншіден – өңірлер­ді дамыту. Алыс аймақтарға сапалы жол салу, ауызсумен, электр қуатымен қамту толық шешімін табады. Кездесуде халықтың пікірі ескеріліп, ұсыныстар айтылды.
Партия хатшысының айуынша, Елбасы бастамалары аймақтарда дер уақытында іске асады. – Барлығы да – халық үшін. Пар­тияның ұстанымы – осы. «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» партиялық жо­балары аз қам­тыл­ған және көпбалалы от­басыларды қолдауды, ауылдық жерлерде ин­фра­құрылымды дамытуды көздейді. Пар­тия жобалары аты айтып тұрғандай халыққа жедел түрде нақты көмек көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік жобалар аясында қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» ашылғалы 300-ден астам өті­ніш келіп түскен. Оның 70 пайыздан астамы тұрғын үйге, 20 пайызы әлеу­меттік жәрдемақыға қатысты. Осы және де басқа мәселелер партиялық жо­балар аясында оңтайлы шешімін табады, – деді Қаныбек Жұмашев.
Партия хатшысы осы бағыттарды іске асы­ру үшін қалалық, аудандық пар­тия филиалдары төрағаларының бі­­рін­ші орынбасарлары мен кеңес­ші­ле­рі­мен кездесу өткізді. Қабылдау бөл­­ме­леріне келген әрбір азаматтың өті­нішін мұқият тыңдап, заң аясында ғана жауап берумен шектелмей, үкі­меттік емес ұйым­дар­мен, кәсіп­кер­лер­мен, еріктілермен, атқарушы ор­ган­дар­мен бірлесе мәселені шешу жол­да­рын қарастыру қажетін баса айтты.
Майра ЖАНЫСБАЙ, Ақтөбе облысы

Бөлісу: