ДЕПУТАТ ШАРАПАТЫ

453
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы Елбасының тұрмысы төмен отбасылардың, оның ішінде көпбалалы және толық емес жанұялардың жұрт қатарынан қалмауын қамта­масыз етіп, жан-жақты қол­дау көрсету жайлы тапсырма­ларының іс жүзіне асуына мүмкіндігінше үлес қосуда. Осы орайда аталған партияның «Бақытты отбасы» атты акциясы басталғаннан бері Жетісу жерінде бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілгенін атап өткен жөн. Халқының саны екі миллионнан асатын Алматы облысының әр өңірінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, жұмысқа орналастыруға қатысты нақты жұмыстар атқарылуда.

Көктемнің алғашқы мерекесінен бастап облыс орталығы Талдықорған қаласында бірнеше тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыға қаржылай көмек пен баспана алуға қаражат беріліп, жомарт жүректі жандар оларды азық-түлікпен, тағы да басқа тұрмыстық керек-жарақпен қамтамасыз етуге бел­сенділікпен атсалысуда. Жақ­сы­лық керуенін қоғамдық ұйымдар да бірауыздан қолдап, әлеуметтік тұр­ғыда аз қамтылған жерлестеріне өз тарап­тарынан көмек беруді қолға алуда.
Күні кеше жетісулық жомарт жандардың бірінің ықпалымен тағы бір отбасы баспаналы болды. Алматы облыстық мәслихатының депутаты, облыстық индустриалды-иннова­циялық, энергетика және туризмді дамыту комиссиясының мүшесі, «БиК service» ЖШС директоры Қуат Сұлтанғазиев Еңбек­шіқазақ ау­данындағы Масақ ауылының тұрғыны Руслан Қарақойшиевтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына осы елді­мекендегі жаңа үйді тарту етіп, отағасы Руслан Әділ­ханұлының жұмысқа орналасуына ықпал етті.
Қуат Елеусізұлы – партияның бар­­лық жобаларының жүзеге асуына тұрақты түрде атсалысып, қайырым­ды­лық акцияларының бел ортасында жүретін азамат. Шелек ауы­лын­дағы ба­ла­лар үйіндегі бүлдіршіндердің асы­­ға күтетін қамқоршыларының бірі.
«Алматы облысының атынан делегат ретінде қатысқан Nur Otan партиясының кезекті ХVІІІ съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биліктің барлық тұтқасына тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, партияға маңыз­ды міндеттемелердің орындалуын үнемі назарда ұстап, басқаларға үлгі боларлық шараларды қолға алуды жүктеді. Осыған байланысты пар­тиялық бағдарламаның қабылдануы игіліктерге ұйытқы болары сөзсіз. Мен де өз тарапымнан ортақ іске үлес қосуды ойға ал­дым және бұл бағытта алғашқы қадамымды жа­садым. Көп­балалы отбасыларға, жалғыз­басты аналарға қашан да жанашырлық көңіл білдіретін мейірімді жандардың жақ­сы әре­кетінен өзге адамдар үлгі ала­тынан сенемін. Қазақстандағы биз­нес­тің әлеуметтік жауап­кершілігі – туған жердің, ауданның, қаланың өркендеуіне өзіндік үлес қосу арқылы мем­лекеттің дамуына ат салысу деп ой­лаймын», – дейді Қуат Елеусізұлы.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы

Бөлісу: