ЖАҢА ЖАСЫҢМЕН, ҰЛЫ ДАЛАМ!

447
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы мен «Сенім» бастауыш партия ұйымы Көрісу мейрамына орай «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам!» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шара өткізді.

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақа­ла­сында еліміздің ұлттық құнды­лық­тарын насихат­тай отырып, өс­ке­лең ұрпақтың бойында па­триот­тық сезімді қа­лыптыстыру ке­рек екенін атап өткен бола­тын.
Көрісу мейрамына орай, ару Ақ Жайық­тың жағасында орын тепкен еңсесі биік, абы­ройы асқақ Каспий өңірінің қазіргі за­манғы жоғары колледжі ашық аспан астында «Кітап алмасу» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның мақсаты – студенттердің білімге деген құштарлығын арттырып, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар өткен оқу жылында ұйымдастырылған жал­пы жүлде қоры 100 000 теңгені құ­райтын «Кітап оқу көшбас­шысы» онлайн байқауының да жүлдегерлері дипломмен, сер­тифи­каттармен және ақшалай сый­лықтармен марапатталды.
Атырау облысы «Жас Отан» Жастар қана­тының төрағасы Ринат Ғилажев жастарды ұлттық мейрамдардың мағынасын терең ұғынып, жастар арасында кітап оқуды әдетке айналдырып, білімге құштарлықты дамыта беруге тілектестік білдірді.
Тағылымды өткен шарада өңірге белгілі ақсақал Ақмырза Батырқайырұлы бата беріп, елге тыныштық,адамзатқа амандық тіледі. Дана халқымыз «Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деп бекер айт­паса керек. Көк аспанның астында көк бай­рағын тұғырына көтерген, көк­бө­рідей рухты біздің азат халқымызды жастары арынды, жігері жалынды болғай!
Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу: