Бақылауға алынды

550
0
Бөлісу:

Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына байланысты Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев фейсбуктағы парақшасында пікір білдірді.Ол болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін оқиғаның себептерін анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажет екенін айтты.

Ол сонымен қатар Мәжіліс отырысында депутаттар Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа осы мәселені бақылауына алып, тергеу барысына бару туралы өтініш-тілегін жеткізді.
– Атырау облысындағы біздің филиалымыз ішкі істер орган­дарының қызметкерлерімен және ветеринарлармен бірлесіп, балықтардың сөрелерге кіруіне жол бермеу үшін балық өнімдерін бөлу орындарын бақылайтын болады, – деді Мәулен Әшімбаев.
Жайық өзеніндегі балық қы­рылу мәселесін партияның Атырау облыстық филиалы да өз қада­ғалауына алды. Филиалда аталған мәселеге байланысты жиын өтті.
Nur Otan партиясы Атырау облыстық фи­лиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, Жайықтағы балық өлімінің белгілері 2018 жылдың 2 желтоқсанында тір­келіп, өткен жылдың 9 желтоқ­санына дейін жалғасқан.
«Қазіргі таңда жаппай балық өлімі жоқ. Өзеннен жиналған өлі балықтар­дың арасында жаңадан өлген балық қаңқалары табыл­мады. Көктем шыға Жайық өзе­нінің мұзы ерігесін, желтоқсан айында өлген балықтардың мұзға қатқан денелері су бетіне қалқып шығуда. 13 наурызындағы жағдай бойын­ша, Жайық өзенінен 111,4 тонна балық жиналған. Өзеннен су сы­намалары аптасына екі рет Қо­ғамдық денсаулық сақтау, экология департаменттері және «Қаз­гидромед» ӨММ алып тек­серуде. Қазіргі уақытта су сына­малары бірқалыпты және тұр­ғындар мен жануарларға қауіп төндірмейді», – деді ол.
Мамандардың пікірінше, жер­гілікті тұрғындардың қазір Жайық­та балық аздығы туралы алаңдаушылығы негізсіз. Аталған шараға облыстық партия филиа­лының бастамасы­мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттары және «Жас Отан» ЖҚ мүшелері де қолдау шараларына араласуда. Екі бағытта тазалау жұмыстары ұйым­дастырылуда.
Атырау қаласында өлі балық­тарды жинау шаралары 7 нау­рыз­дан бері жүріп жатыр. 10 нау­рыз­дан бастап бұл жұмыстарға ерік­тілер қосылып отыр. 16 наурыз күні өтетін қалалық сенбілікке қала, облыс тұрғындарымен бірге нұротандықтар атсалысады. Аталған мәселе Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалының ұдайы бақылауында болады.

Атырау облысы

Бөлісу: