КӨРІСУ КҮНГІ ҚҰРМЕТ

584
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйым­дастыруымен Орал қаласының «Атриум» сауда үйінде 14 наурыз – Көрісу  күніне орай мерекелік шара өтті.

Шара барысында жасотандық белсенділер қазақы нақыштағы және ұлттық киімдерімен қала тұр­ғындарын Көрісу күнімен және келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара барысында күмбірлеген күй тартылып, ән шырқалып, мейрамды тамаша­лаушы үлкен-кішіге дастарқан жайылып, ұлттық дәм-тағам ұсынылды.
Бұл шаранның басты мақсаты қаламыздың жастары мен тұр­ғындарына ұлттық дәстүріміз бен ұлттық мейрамымызды наси­хаттап, тұрғындарға әдемі көңіл-күй сыйлау, үлкен­дерге көрісу арқылы құрмет көрсету болатын. Жалпы, шараға 70-тен астам қала тұрғыны, жастар және жасөс­пірімдер қатысып, батыс­қа­зақ­стандық жасотандықтараға алғы­сын білдірді.

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ, Орал қаласы

Бөлісу: