Жоғары технологиялар биіктерге жетелейді

89
0
Бөлісу:

 Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы Astana Hub ІT-стартаптар халықара­лық технопаркін аралап, әзір­леніп жатқан бірқатар жо­ба­ларды көрді және цифр­­ландыруды дамыту мә­се­ле­лері туралы кеңес өткізді.

Хабты аралау барысында А.Мамин стартап-жобалардың, «Шеберхана» прототиптеу зерт­ханасының, R&D зертханасының өкілдерімен, Бизнес періштелер клубының инвесторларымен және өкілдерімен кездесті.
Цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыс кеңесінде Қазақстанда цифрлы техно­логияларды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы цифрлы даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев, «Зерде» басқарма төрағасы Е.Дүрмағам­бетов баяндады. Бүгінде Astana Hub өз қатысушылары үшін же­ңілдікті салық режимін, сондай-ақ шетелдік қатысушылар үшін виза алудың жеңілдетілген үрдісін ұсынып отырған сүйемелдеушіге айналды. Технопаркте 150 стар­тап, яғни, 500-ден аса кәсіпкер өз жобаларын дамытып отыр.
Мәселені талқылау қоры­тын­дысы бойынша Премьер-министр Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрліктеріне алдыңғы қатарлы цифрлы технологияларды енгізуді жандандыру, кәсіпкерлікті да­мыту бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдар­ла­малар арқылы стартап жобалар­дың қоса дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсыр­малар берді.
EXPO көрмесінің аумағын ара­лау барысында Асқар Мамин, сондай-ақ Көрме орталығының, ІТ университет ғимаратының құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Бұдан өзге, Үкімет басшысына Seed Space Astana қалалық иннова­­циялық алаңы таныстырылды. А.Ма­мин сонымен қатар Халық­аралық жасыл технологиялар және инвес­тициялық жобалар орталы­ғына барды. Бұдан өзге, Астана Ха­лықаралық қаржы орталығын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: