Бағалау қағидаты өзгереді

590
0
Бөлісу:

Астанада Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығы­мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді және сапалы орындауды, мемле­кеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асы­­­­ру­ды қамтамасыз ету мә­­селелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында Ә.Исекешев Елбасы тапсырмаларының толық әрі сапалы орындалуын бақы­лауды күшейтудің маңызын атап өтті. Президент Әкімшілігі бас­шысының хабарлауынша, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді, мем­лекеттік бағдарламаларды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ары қарай жүзеге асыру мақсатында бақылау және мониторингтеу жүйесі ендірілетін болады. Ол жүйе нақты нәтижелерге қол жеткізілуіне бағдарланбақ.
Осы орайда Әсет Исекешев мемлекеттік органдардың қыз­меті, Елбасы әлденеше рет баса айт­қан­дай, халықтың әл-ауқатын, та­бы­сын және тұрмыс сапасын арт­ты­руға бағытталуға тиістігін атап өтті.
«Ұдайы әлеуметтік зерттеулер және талдау негізінде ел өңір­лерінің өткір инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелерінің картасы әзірленді. Ол ары қарай­ғы жұмыс үшін Үкімет пен әкім­дерге тапсырылды», – деді Пре­зидент Әкімшілігінің басшысы.
Сонымен қатар барлық аудан­дық және қалалық әкімдіктерде тікелей өзара іс-қимыл және ха­лық­пен кері байланыс жүйелері енді­рілетін болады. Бұл жұртшы­лықтың көкейкесті мәселелерін жедел шешуге және өңірлерден айқын-объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс Қазақстан Пре­зиденті бастамашы болған «Халыққа көмек» жобасы аясында Nur Otan партиясымен бірлесе жүргізіледі.
Әсет Исекешев Президент Әкімшілігі әлеуметтік саясатты пәр­менді жүзеге асыруға, құқық­тың үстемдігі мен азаматтардың қа­­уіп­сіздігін қамтамасыз етуге, мем­­­лекеттік қызметтердің сапа­сын арттыруға, сыбайлас жем­қор­лық­пен күреске, өңірлік инфра­құ­ры­лым сапасын жоғарылатуға, соның ішінде «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жоба­ларына, сон­­­дай-ақ «Рухани жаң­ғыру» бағ­дар­ламасы аясындағы жобаларды белсенді іске асыруға бұдан былай да айрықша көңіл бөлетінін мәлім етті.
Соңында Әсет Исекешев жергілікті және орталық мем­лекеттік органдар басшыларының жұмысын бағалау қағидаттары өзгеретініне тоқталды. Ол өзге­рістер реформалар мен мемле­кеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын бақылау және мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін ендіруді көздейді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: