ЖАМБЫЛДЫҚТАР ТОҒЫЗ КҮН ТОЙЛАЙДЫ

124
0
Бөлісу:

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Спикерлер «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекесін ұйымдас­ты­рудың іс-шаралар жоспары туралы баяндап, журналистер­дің сұрақтарына жауап берді. Жамбыл облысында биыл екін­ші жыл қатарынан Ұлыс­тың ұлы күні Наурыз мерекесі 14 наурыздан 22 наурызға дейін аталып өтеді.
14 наурыз – Амал күні амандық-саулық сұрасып, үлкен-кіші қыстан аман-есен шығып, әз Наурызға жеткеніне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектер айтады. Көрісу – тек адамдар амандасып, жақсылық тілейтін мереке емес, сонымен қатар үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін тағылымды дәстүр болып саналады.
Сондай-ақ қалалық мәде­ниет үйі алдында Амал күніне орайластырылған қойы­лым­дар ұйымдастырылып, бауыр­сақтар таратылады. Одан кейін жергілікті өнерпаздардың қа­ты­суымен 1,5 сағаттық мере­ке­лік концерт ұсынылады. 15 нау­рыз – Тағзым күні қасиет­ті жұма күніне орай­лас­тырылып қо­йыл­ғандықтан, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген қағида бойынша ата-баба ру­хы­на Құран бағышталады.
16 наурыз Алас күні тазалыққа мән беріліп, «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген атпен жалпы­халықтық сенбілік өткізіледі. Наурыз мерекесіне дейінгі тазалық жұмыстарына облыс және қала, аудан басшылары, ардагерлер, қоғам қайрат­кер­лері т.б. қатысып, аллеяларға, саябақтарға ағаштар отырғызу, экологиялық акциялар ұйым­дастырылады.
17 наурыз – Мейірім күні көпбалалы аналарға, әлеу­меттік ахуалы төмен отбасы­лар­ға, көмекке мұқтаж мүгедек жандарға қайрымдылық жаса­лады. 18 наурыз – Ынты­мақ күні аймақтағы этномә­дени орталықтар мен этнос өкіл­дерінің қатысуымен мерекелік концерттер, салт-дәстүрлерді насихаттау көрсетілімдері ұйымдастырылады. Өйткені Наурыз бірлікке, ынтымаққа шақыратын қайырымдық айы болғандықтан, қоғамды мейі­рімді болуға үгіттейді. 19 нау­рыз – Жаңару күні жарық дүние есігін ашқан нәрес­те­лер­ге әкімдердің атынан да­йын­­далған арнайы құттық­тау әзір­леніп, сәбилерге қажет сый­­лықтар беріледі. 20 наурыз – Береке күні қаланың бір­не­ше елдімекенінде, аудан­дар­­да жергілікті кәсіпкер­лер­дің ауыл­шаруашылық өнім­де­рі­­нен төмен бағамен жәрмеңке ұйымдастыру, тақырыпқа сай халық әндерінен радио­кон­церт­тер ұйымдастыру жоспар­ланып отыр.
21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында күрделі жөн­деу­ден өткен «Жастар» аллея­сы пайдалануға беріледі. Атал­ған саябақта «Махаббат» аллея­сы, «Білім» алаңы, «Жас­тар» интернет-кафесі, «Кітап» және «Сахна» алаңшасы ашы­лады. Осы «Жастар» алея­сында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Түркі әлемінің бесігі» бөлімін ай­шық­тайтын театрландырыл­ған көрініспен ашылып, 700-ге жуық өнерпаздың қатысуымен «Көктем» хореографиялық композициясы және домбы­ра­шылар, қобызшы, дауыл­паз­шы­лардың қатысуымен күй орындау шеберліктерін көрсе­те­тін композициялар ұсы­ны­лады. Бұл жерде ұлттық спорт ойындары, алтыбақан, қол­ө­нер көрмелері ұйымдастыры­лады. Сондай-ақ Қазақстан эстрада жұлдыздары Бағдат Сәмединова, Әділ мен Дана, Алишер Каримов, Әбдіғаппар Әлқожа, Серікбол Сайлаубек және Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филар­мо­ния­сының әншілерінің кон­церт­тік бағдарламасы ұсы­ны­лып, кеш соңы мерекелік отшашуға ұласады.
22 наурыз – «Жаңа күн», яғни облыс және аудан тұрғын­дары жалпыхалықтық серуенге шығады. Тұрғындары өз жа­қын­дарын, туыстарын, көр­ші­лері мен алыс-жақын ағайын­да­рын мерекемен, Жаңа жыл­дың алғашқы күнімен құт­тықтайды. Көпшілік бір-бірі­не сый-сияпат сыйлап, араз­дасқан ағайын-туыс тату­ла­сады. Мерекелік дастарқан жайылып, бір-бірінің үйіне қонақ болады.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу: