Ғибратты ғұмыр

157
0
Бөлісу:

Қызылорда облысы Жаңақор­ған ауданында дүниеге келген Кенжебек ағамыз еңбек жолын 1967 жылы Қызылорда облы­сы Жаңа­қор­ған аудан­дық Мәде­ниет бөлі­мін­де автоклуб мең­­ге­ру­шісі қыз­ме­тінен бастаған. 1974 жыл­ға дейін аудандық мәде­ниет үйінің әдіс­кері, мәде­ниет бөлімінің аға инспекторы лауа­зымдарын абы­ройлы атқарды. Сонымен қатар ауданның мәдениет сала­сын дамытуға үлес қосып, малшылар мен егіншілерге үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, мәдени жұмыс­тардың жақсаруы­на, көркемөнерпаздар үйірмесін жандандыруға белсене араласқа­нын ауылдастары әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. 1974-1975 жылдар аралығында комсомол комитетінің нұсқаушысы, есеп және қаржы бөлі­мінің меңгеру­шісі қызметтерін атқарып, жас­тар арасындағы жұмысты жандан­ды­руға үлес қосты.

Есімі елге танымал ағамыз 1975-1981 жылдар аралығында аудандық радиохабарын ұйым­дас­тырушы, аудандық «Комму­низм жолы» газетінің еңбекші хаттар бөлімінің меңгерушісі болды. Аудан өмірінің айнасын­да күрішшілер мен механи­за­тор­лардың, малшылардың, өзге саладағы еңбек адамдарының жұмысын очерктері, коррес­пон­денциялары мен мақалалары арқылы көпшілікке кеңінен насихаттай білді.
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызме­тіне 36 жылдан астам уақыт бол­ды. Бұл саладағы еңбек жо­лын 1982 жылы Қазақ радио­сы ақпаратты сазды, әдеби-музы­калық «Шалқар» бағдар­ламасы, яғни «Жаңалықтар» қыз­метінде қатардағы редактор­дан бастады. «Шалқар шаңыра­ғы» радио журналының ашы­луы­на себеп­керлердің бірі. Әр жарты сағат сайын беріліп тұра­тын жаңа­лықтармен түрлі ай­дар­­дағы хабарды жүргізуге бел­сене атсалысты. Әсіресе, ха­лық­ара­лық жағдайды кеңінен наси­хат­тайтын «Телетайл» лен­та­сы­нан берілетін хабарды тіке­лей әуе толқынынан жүргізуі тың­дар­­ман ықыласын өзіне аудар­ды.
1985 жылы Қазақ радио­сының «Насихат хабарлары» бас редакциясында алғашында редактор, одан кейін аға редак­тор болды. «Қарышты Қазақ­стан», «Миллиондардың ленин­дік университеті», «Бүгінгі күн­нің өзекті мәселелері» айдар­ларымен берілетін хабарларға елімізге белгілі тұлғалар белсене араласты.
1987 жылы Қазақ ради­о­сындағы ауыл шаруашылығы бас редакциясы «Ауыл өмірінің» бөлім меңгерушісі болды. Ауыл­шаруашылығын дамытуға ерекше үлес қосқан ауыл адам­дарының тіршілік тыны­сын, «Дала ди­дары», «Дала шұғы­ласы» радио журнал­дарымен мал­шыларға арналған бір сағат­тық «Кең өріс» бағдарла­ма­сында көрсете білді. Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұ­мыстары «Ақ бидай» ба­ғ­дар­ла­масында кеңінен наси­хатталды.
1992 жылы «Насихат хабар­лары» бас редакциясының бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болса, 1998 жылы Қазақ радиосындағы «Шалқар» ұлттық бағдарламасының бас редакторлығына тағайындалды. 1998 жылы 22 наурызда Қазақ радиосында алғаш рет 4-студия «Үкімет арнасы» тікелей әуе тол­қынына шықты. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ­­­­стан-2030» ұзақмерзімді стра­те­гия­лық бағдарламасының негі­зін­де дайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының білімі мен денсаулығы және әлеуметтік жағдайы, энергетикалық ре­сурс­­тар, инфрақұрылым, кө­лік және коммуникация, кәсіби мемлекет басымдықтары бо­йын­ша арнайы роликтер дайын­далып, хабар легі осы тақы­рыптар негізінде өрбіді. Оған Үкімет басшылары, мини­стр­лер мен әкімдер, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, жалын­ды жастар мен өнім өнді­руші кәсіпкерлер белсене ара­ласты. Тікелей хабарда тың­дау­шы­лар тарапынан қойыл­ған сауалдарға басшылар жауап беріп қой­май, шешімін күткен мәсе­ле­лер­дің уақытылы шеші­луі­не ықпа­лын тигізді. Бұл хабар­ға радио тыңдаушылардың ықыласы мен ризашылығы, жаудырған алғысы мол болды.
2002 жылы Астана қаласын­дағы меншікті тілші, 2003 жыл­дан Қазақ радиосы Астана студия­сы­ның редакторы, «Ел мен жер», «Үкімет арнасы», «Астана – жаңа қала» сынды басқа да хабарларды жүргізіп, тыңдаушылар көңілінен шықты. 2007 жылы Астана телерадио орталығы директоры­ның шы­ғар­машылық жөніндегі орын­басары міндетін атқарушы, директордың кеңесшісі, «Қазақ­стан» ұлттық арнасы үйлестіру бөлімінің үлестірушісі және аға үйлестіруші қызметтерін атқар­ды. 2009 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы ақпараттық және сарап­тамалық дирекциясы тілшілер қосынының шеф-редакторы болды. Облыстар мен алыс және жақын шетелдердегі меншікті тілшілермен тығыз байланыс орна­тып, өңірлер мен сол елдер­дегі жаңалықтарды телекөрер­мен­ге дер кезінде жеткізіп отыру­ға ерекше мән берді. Сондай-ақ ол меншікті тілшілердің шығар­машылығын арттыруға ықпал етті.
2007 жылдан бастап ҚР Пре­зиденті іс басқармасы, «Пре­зиденттің телерадио кешені» коммерциялық емес акцио­нер­лік қоғамының тәуелсіз дирек­торы, директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ұжым жұмысын­ың жан­дануына үлес қосып келді.
1987 жылы «Ауыл өмірі» редак­­циясында егін жинау кезін­­дегі еңбегі бағаланып, Қазақ ССР мемлекеттік теле­радио комите­ті­нің құрмет гра­мо­тасымен, 1991 жылы Қазақ радиосының 60 жыл­ды­ғына бай­­ланысты Қазақ ССР Мем­лекеттік Теле­ра­дио коми­теті­нің құр­мет гра­мотасы­мен, 2006 жылы ҚР Ауыл шар­уа­шы­лығы ми­нистр­­лігінің құр­мет грамо­та­сымен мара­пат­талды.
60 жасқа тол­уы­на байланыс­ты Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Ақылбек Күріш­баевтың, «Қазақ­стан РТРК» АҚ басқар­масы төра­ғасы Жанай Омаров­тың құттық­тау­ларын алды. 50 жасқа толуы­на байла­нысты Қазақ радио­сы ұжымы құттықтады. 2006 жылы Мә­дениет және ақпарат ми­нистрі­нің Құрмет грамотасымен, білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі­нің құрмет грамота­сы­мен, Ішкі істер ми­нистрлігі «Ішкі әскер» қол­басшысының грамотасымен, Денсаулық сақтау және спорт министрлігімен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталы­ғы­ның дипломына ие болды.
2006 жылы Парламент сена­­ты­­ның «Алғыс хаты», 2003-2004 жж. Парламент Мәжі­лісінің алғыс хаттары Ауыл шаруа­шы­лығы министрі­нің дипломы, Қазақстан теле­ди­дары мен ра­дио­­­сы рес­пуб­ликалық корпо­ра­­циясы, Қазақ радиосының Әнуар­­бек Бай­жанбаев атын­дағы сый­лығы беріліп, Құрмет бел­гісі және дипломмен мара­пат­тал­ды. Құр­­­метті еңбек дема­лы­сына шыққанда «Қазақ­стан» РТРК АҚ басқарма төрағасы­ның және Nur Otan төраға­сы­ның ал­ғыс хат­тары­мен марапат­талды.
Мәдениет қайраткері төс­бел­­­гісі, Қызылорда облысы әкі­мінің «Қызылорда облысына – 70 жыл» мерекелік медаліне ие болды. Қазақ радиосы мен Тә­уел­сіздіктің 20 жылдығына орай екінші рет Ә.Байжанбаев атындағы сыйлық­қа ие болды. Қазақстан Журналис­тер одағы сый­­лығының лауреаты.
2018 жы­­­лы «Құрмет» орденің иегері атанды. Кейіпкеріміз қажырлы еңбе­гі мен үздіксіз ізденісінің, талап­шыл­дығы мен табандылы­ғы­ның арқасында қызмет жолында биік белеске көтерілді.
Біз өз кезегімізде, жетпістің белесіне шыққан Кенжебек Әбді­мәу­леновті мерейлі мерей­тойы­мен құттықтап, қазақ жур­на­­лис­ти­касының алтын қорына қосы­ла­тын еңбектеріңіз көбейе берсін демекпіз.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: