Қазақстандық ғалым StrategEast сыйлығымен марапатталды

376
0
Бөлісу:

Америкалық StrategEast стратегиялық орталығы ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбекті StrategEast Westernization Award сыйлығымен марапаттады.

Аталған сыйлық филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлына мемлекеттік тілді латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын іске асыруда қосқан үлесі үшін, «Тілдік және мәдени вестернизация» номинациясы аясында берілген.

Бұл мәртебелі сыйлық мемлекеттің мәдени, әлеуметтік-экономикалық  дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларға берілетін әлемдік деңгейдегі беделді марапаттардың бірі. Аталған сыйлықпен сондай-ақ Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев пен Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвес те марапатталды.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: