Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды

565
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлихановтың келесі жекпе-жегіне қашан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы боксшының менеджері желіде жазды.

Спортшының PR менеджері Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, Асхат 30 наурыш күні шаршы алаңға шықпақ.

«Жекпе-жек АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтеді. Қарсылас Пуэрто-Рикo елінің боксшысы Хосе Лопес. Осал емес. Кәсіпқой бокс шаршы алаңында 12 кездесу өткізіп, 11 жекпе-жекте жеңіске (9 нокаут) жетсе, 1 кездесуде жеңілген»  деп жазады ол.

Асхат былтыр әлемге әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған еді. Келісім 5 жылға жасалған. Боб Арум басқаратын компания аясында Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд сияқты боксшылар қазір әлемді тәнті етуде. Сондай-ақ Арум ұзақ уақыт бойы филиппиндік аңыз боксшы Мэнни Пакьяомен де жұмыс істеді.

Асхат осыған дейін былтыр жазда америкалық Анхель Эрнандеспен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ Астанада өткен бокс кешінде украиналық Ярослав Юровтан басым түскен.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: