Білім министрі: Әліппе қайта оралады

2257
0
Бөлісу:

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова әліппе оқулығын қайта оқылатынын айтты.

– Әліппені биылғы оқу жылының бағдарламасына енгізіп үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді. Жаңа оқу жылы басталуына аз ғана уақыт қалды, кітаптарды басу басталып кетті, асығыстыққа жол бермей келесі жылы әліппені орнына алып келеміз. Енді білімнің сапасы туралы айтып жатырсыздар, әр мектеп білгенін жасайды деп. Олай емес. Мемлекетте стандарт біреу, – деді министр.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: