Қарағұсова неге Қарттар үйінде тұрғысы келеді?

466
0
Бөлісу:

Гүлжан Қарағұсова қарттарға арналған үй салуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестеріне қартайғанда тұратын кооператив салуды ұсынды.

Мәжілісмен Кеңес Абсатиров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілінен әлеуметтік көмек көрсету барысында көпбалалы отбасының табысына ата-әжелердің зейнеті қосыла ма деп сұраған.

Айта кетейік, бұл мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне әсер етеді. «Зейнетті табыс ретінде есептесек, неге өмір бойы балаларын сүйреп жүрген қарттар енді немерелерін сүйреуге міндетті болуы керек?» – деді депутат.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қолданыстағы заңнамаға сай үй қожайындарының табыстары есептелетінін айтты. «Егер жақын туыстары бірге тұрып жатса, бәрінің де табысы есепке алынады. Жақын туыстары деп «Неке және ерлі-зайыптылық кодексіне» енетін адамдарды айтамыз, олар – әжелер, аталар, бауырлар, әпке-сіңлілер, күйеуі, әйелі мен балалары», – деді Жақыпова. «Демек, оларды үйден қууға мәжбүр етесіздер ме?», – деп сұрады Кеңес Абсатиров.

Гүлжан Қарағұсова бұл мәселеге қатысты: «Қуып қайтеміз? Бізге арнайы үй салу қажет, қартайғанда балалардың өміріне кедергі жасамай, сол жаққа барамыз. Бұл қарттар үйі емес. Бұл жеке кооперативтер болады. Бірнеше жыл өтсін, Татьяна Михайловна (қаржы вице-министрі Савельева ред.) мен Татьяна Ивановнамен (Мәжіліс депутаты Яковлева  ред.) бірге сондай үй саламыз да, балаларға кедергі келтірмес үшін, сол жақта өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз», – деді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: