Түркияда 115 мың қонақ студент бар

109
0
Бөлісу:

Түркияда білім саласында жасалған түзетулерден кейін шетелдік студенттерің саны жыл сайын артып келеді. Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоған тарапынан тікелей жасалған түзетулер кейбір ұйымдар тарапынан іске асырылуда. Өткен айларда осы мәселелер бойынша Ердоған шетелдік студенттерге сүйінші хабарлар айтты.

МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТІКЕЛЕЙ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАЛЫНАДЫ
Ердоған мекен жайға тіркелу кезінде қиындықтарға ұшыраған студенттер туралы былай деді: «Қонақ студенттеріміз әр кезең бойынша мекенжай анықтамасын жаңалап отырулары керек. Ішкі істер министрлігіне қарасты Көші-қон полициясы тарапынан берілетін тұрғын жай куәлігі үшін Көші-қон полициясында студенттер бірқатар қиындықтарға тап болады. Бұдан былай 115 мыңнан астам қонақ студенттеріміз тұрғын жай куәліктерін Көші-қон полициясына бармастан тікелей университеттен алалады. Осылайша, жұмыс тез әрі оңай іске асырылады. Тағы бір түзетудің бірі ол Жалпыға Ортақ Денсаулық Сигортасы (SSG). Енді студенттеріміз бұрынғыдай 3 ай күтпестен лезде Жалпыға Ортақ Денсаулық Сигортасын жасата алады.»

ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ РҰҚСАТ БЕРМЕУ МӘСЕЛЕСІН АЛЫП ТАСТАДЫҚ
Жұмыс істеуге рұқсат берілмеу мәселесі туралы Ердоған студенттерге сүйінші хабар айтты: «Тағы бір маңызды мәселенің бірі – жұмыс істеу мәселесі. Осыдан алдын қонақ студенттердің жұмыс істеулеріне рұқсат берілмейтін еді. Біз сол бойынша дайындық бастадық. Нәсіп етсе һәм студенттер һәм түлектер үшін жұмыс істеуге рұқсат берілмеу мәселесін шешеміз.»

ӨЗ АНА ТІЛІҢІЗДІ, МӘДЕНИЕТІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ
Қонақ студенттерге өз насихатын айтқан Ердоған, «Осы жерді бірге толтырмасақ, терроризм және отаршыл елдердің отарлауымен күресе алмаймыз. Әр мәдениеттің иелері ретінде болашағымызды өзіміз жасаймыз. Сізден өтінерім, ана тілдеріңізді, өз мәдениетіңізді, тарихыңызды қорғаңыз. Өз балалары­мыздың болашағы туралы не ойласақ, сіздер туралы да соны ойлаймыз» деп сезімін тілмен жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ЕЛШІЛЕРІМІЗ
«Әркіммен байланысу, «Әркімнен хабар алу, әркімге қолдау көрсету, әрине, мүмкін емес» деген Президент Режеп Тайып Ердоған: «Бірақ егер сіздер өз араларыңыздағы достықты мықты ұстасаңыздар, біз де қолымыздан келген қолдауды көрсетіп, барлық мәселелердің шешімін табуға тырысамыз. Сіздерің әр біріңізді өз елдеріңіздің таңдаулы және құрметті елшілері деп білеміз. Өз елдеріңізге қайтқанда әр біріңізді мақтанышпен біздің құрметті елшілеріміз ретінде көретінімізден күмәнданбаңыздар. Осы достықты қаншалықты үлкейтсек, барлығымыз соншалықты мықты боламыз деп сенеміз»

МАҚСАТЫМЫЗ – ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР САНЫН 350 МЫҢҒА ШЫҒАРУ
Түркияда 115 мың қонақ студент бар екенін айтып өткен Ердоған өз сөзін былай жалғастырды:
«Мақсатымыз осы санды 350 мыңға шығару. Осылайша, әлемдегі ең көп қонақ студенттерді жинаған 5 ел қатарына кіреміз. «Түркия стипендиялары» бағдарламасы өз алдына күн сайын даму арқылы бір марка дәрежесіне жетті.
Өз еңбектеріміздің жемістерін жинай бастадық. Бұрындары әр жыл ашылатын 4 мың стипендия квотасы үшін 8 мыңнан астам құжат тапсырылатын еді.
Қазір болса 5 мың квота үшін 120 мың құжат тапсырылады. Себебі, біз құжат тапсыру жолдарын жеңілдеттік. Әрине, осы заман ішінде өз саласында сапалы, білікті мамандармен бірге технология мүмкіндіктерін де қолдандық. Еліміздің сыртқы саясатына сүйене отырып, стипендия бағдарламаларында үлкен тәжірибие жинадық. Көптеген cтуденттеріміз де жақсы жетістіктерге жетті». Студенттеріміздің жетістіктерінде де көптеген жаңалық аштық».

Бөлісу: