Юнус Эмре институты түрік тілі мен мәдениетін әлемге танытуда

156
0
Бөлісу:

Анадолы аймағындағы ең ірі ойшылдардың бірі Юнус Эмренің «Кел, танысалық» пәлсапалық танымын ұстанған Юнус Эмре институты 5 құрлықта орналасқан 157 мәдени орталығы арқылы түрік тілі мен мәдениетін әлемге танытуда.

Юнус Эмре институты Түркия мен Түрік мәдениетін халықаралық аренада таныту мен әлемдік қауымдастықтың мәдени дамуына үлес қосу мақсатымен 2009 жылы құрылды. Мәдени дипломатия, әлеуметтік қолдау, ғылыми байланыс, мәдени ықпалдастық және түрік тілін үйрету сынды бес бағытты негізге ала отыра қызмет етеді. Институт адами құндылықтарды, адамзатқа сүйіспеншілікті және қоғамдағы бейбітшілікті насихаттаған Анадолыдағы сопылық мектебінің өкілі Юнус Эмренің есімімен аталады. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша 5 құрлықта ашылған 157 мәдениет орталықтары арқылы Түрік мәдениеті мен тілін әлемге танытуды және мәдениетаралық байланыс орнатуды жалғастыруда.

ӘРТҮРЛІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Түрік садақ ату курсы, түріктің ұлттық тағамдары, дәстүрлі түрік қолөнері, түрік фильмдері шарасы және түрік музыкасын әлемге паш еткен Анадолының реңктері жобасы сияқты әртүрлі мәдени шаралар жүзеге асып жатыр.

Сандар сөйлесін:

  • 194 елден 218 мың оқушы www.learnturkish.com сайты арқылы түрік тілін меңгеруде.
  • 130-дан астам елден келген 3 755 оқушы түрік тілі жазғы мектебінде Түркияда жолықты. Бейбітшілік тілі түрік тілін Түркияда үйренді.
  • 44 елден 5 263 үміткер түрік тілі деңгейін анықтау емтиханын тапсырды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстың алтын көпірі

2010 жылы ашылған Астана қаласындағы Юнус Эмре институтының жалпы аумағы 450,9 шаршы метрді құрайды. 3 сынып, 1 кітапхана, 1 жиналыс залы бар. Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығында түрік тілі курстарынан бөлек басқа да шаралар ұйымдастырылады. Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Түркия Садақшылар қорымен бірлесе Астанада Дәстүрлі түрік садақ ату курстарын да өткізеді. 2018 жылдың 13 қараша- сында басталған садақ ату курстары астаналықтардың қызығушылығын тудырды. Курс «Түрік садақ ату» оқу жоспары негізінде дайындалған материалдар мен түгел қолдан жасалған садақ ату құралдарымен жабдықталған арнайы сыныптарда өтеді. садақ атудан Түркияда білім алған қазақ спортшылары жаттықтырады. Курстың соңында жарыс ұйымдастырылып, елу қатысушының ішінен бағы жанған 2 адам Ыстамбұлда қазан айында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады.


МӘДЕНИ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Астанадағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы бауырлас қос ел арасындағы мәдени байланыстың алтын көпірі іспетті. 2019 жылы аталған орталық жан-жақты бағдарлама әзірледі. 2019 жылы ашылатын курс, сынақ жайлы хабарламалар мен ұйымдастырылатын шаралар туралы толық ақпаратты astana.yee.org.tr сайтынан немесе @yeeastana бойынша әлеуметтік желілерден біле аласыздар.

Қазақстандағы мәдени шаралардың күнтізбесі

  •  Түрік халық билері курсы 5 ақпан – 25 сәуір (2019)
  • Назарбаев университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттеріне арнайы ұйымдастырылатын Түрікше әңгімелесу клубы 6 ақпан – 19 мамыр (2019)
  •  Қазақтардың көзімен Түркия: Назерке Кемелбаеваның жеке көрмесі 15-17 наурыз (2019)
  •  Қарагөз-Хадживат қуыршақ театрының көрсетілімі 10-23 сәуір (2019)
  • Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм вице-министрі профессор Ахмет Халук Дурсунмен «Осман дәуірі мен Стамбұлдан Топкапы сарайын зерделеу» тақырыбында кездесу – 14 мамыр (2019)

Қазақстанда түріктіліне қызығушылық артып келеді

Астанада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы ашылғаннан бері түрік тілін үздіксіз оқытып келеді. Осы уақытқа дейін 3 418 адам түрік тілін үйренген. Қазіргі таңда институт 163 адаммен түрік тілі курсын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ Астанада өткізілетін түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына қатысатындардың да саны артуда. Емтиханнан сүрінбей өткендерге алған балдарына қарай B2, C1, C2 деңгейлеріндегі Türkçe Yeterlik Belgesi деп аталатын құжат беріледі.

Түрік тілі деңгейі анықталған құжат жұмысқа қабылданаркезде үлкен артықшылық болып табылады

Түрік тілінің халықаралық стандарттарға сай емтиханы шетелдік студенттерді қабылдау ісін жеңілдететін саясатты қолдау мақсатында Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылуда. Түрік тілін жеткілікті дәрежеде меңгергені расталған куәлік иегерлері Түркияда кез келген университетке түскен кезде түрік тілі дайындық курсын оқудан босатылады. Түрік тілін жеткілікті дәрежеде меңгергені расталған куәлік – Түркияға немесе халықаралық компанияларға жұмысқа орналасқысы келгендерге, түрік тілінен аудармашыларға немесе шетелде түрік тілін оқытқысы келген оқытушы үміткерлерге үлкен артықшылық.

Өтініш ең көп қабылданған елдер қатарынан

Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханын тапсырғысы келетін үміт білдірушілер көрсеткіші жоғары елдердің ішінде Қазақстан да бар. Әсіресе, Түркияда білім алғысы келетін талапкерлер әрі шетелдік студент емтихандарынан жоғары бал жинаған қазақстандық студенттердің түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына қызығушылығы жоғары. Студенттер Түркияда білім алатын университтерінен түрік тілінен дайындық курсынан өтпеу үшін түрік тілін жеткілікті дәрежеде меңгергені расталған куәлікті алғылары келеді. Қазақстанда 2018 жылдың соңына дейін түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына қатысқан 436 адамның 225-і қажет балл жинап, түрік тілін меңгергендерін растады. Қазақстанда бұл сынақта бақ сынағандардың көрсеткіші 52 пайызды құраған.

ТҮРІК ТІЛІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ЕМТИХАНЫ

2019 ЖЫЛЫ 18 МАМЫРында ӨТЕДІ
Түрік тілі деңгейін анықтау емтиханына өтініштер биылғы 18 наурыздан бастап қабылданады.
Осы жылы екінші рет 18 мамырда өткізіледі. Толығырақ ақпаратты Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығынан немесе tys.yee.org.tr сайтынан біле аласыздар.

Бөлісу: