Премьер-министр Түркістан мен Шымкентті аралады

151
0
Бөлісу:

Үкімет басшысы Асқар Мамин Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласына жаңадан салынып жатқан құрылыс барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына барды.

Облыс орталығы Түркістанда Премьер-министр қаланың даму жоспары жөнінде кеңес өткізеді. Cелекторлық режимде оның жұмысына өңірлер әкімдері қатысып, облыс орталығында нысандарды салу бойынша ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндайтын болады.

Сондай-ақ, қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үй алаптарын және әлеуметтік мәні бар нысандарды салу барысы тексеріледі.  Бүгін Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады. Шаһардағы бұрынғы және салынып жатқан аудандардың өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралайды. Қала маңын аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр мегаополистің одан әрі даму перспективалары және 2023 жылға дейінгі Кешенді құрылыс жоспарын іске асыру жөнінде кеңес өткізеді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: