АНАЛАРДЫ ҚУАНТҚАН АКЦИЯ

672
0
Бөлісу:

Түркістан облысы халық саны жағынан ғана емес, көпбалалы аналар санынан да алдыңғы орында келеді. Мұнда 1963,1 мың адам тұрып жатыр. Соңғы статис­ти­ка­ларға қарағанда 86,6 мың көпбалалы отбасы бар. Бұл республикалық көрсеткіштің (340,4 мың отбасы)
25,4 пайызын құрайды. Бүгінде Nur Otan партиясының бастамасымен республикада жүзеге асып жатқан қайырымдылық акциялары біздің өңірде де іске асып жатыр. Ел арасындағы кейбір қайырымды азаматтар да қарап отырмай, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, түрлі жәрдемдерін беріп келеді.

Өңірде қайырымдылық іс­терге көмек қолын созатын жо­март жандар жетерлік. Солардың бірі – көптеген отбасыларға қолдау көрсетіп жүрген Кентау қалалық мәслихат хатшысы, Nur Otan партиясының белсенді мүшесі Талғат Балабиев.
Көктемгі мерекелер қарса­ңында Талғат Балабиев Кентау­дағы Хантағы ауылында тұратын 7 баласы бар, әлеуметтік тұрмысы төмен Мырзахметовтер отбасына акция аясында арнайы барып, көмек қолын созып қайтты.
Отбасы мүшелерінің 6 баласы мектеп қабырғасында білім алса, кенжесі – 2 жаста. Азық-түлік пен киім-кешек, қаржылай көмек мереке қарсаңында тұрмыстық ауыртпалықты көтеріп жүрген отбасының қуанышын еселей түсті.
Қайырымды азамат тарапы­нан жасалған балаларға бірсы­пыра киер киім-кешек пен біраз күнге жетер азық-түлік сынды сыйлық тұрмыстық ауыртпа­лықты көп көрген бұл шаңырақ иелерінің жүзін жадыратып, қуаныштарын еселей түсті.
«Ауылда туып-өстім. Жас­тайымнан еңбек еттім. Көпбалалы отбасының жағдайын жақсы түсінем. Кейін оқу бітіріп, кәсіп­пен айналысқандықтан, жәрдем қажет ететін азаматтарға көмек­тесіп келемін. Барлық көпбалалы отбасылардың аналарына сабыр, қажымас қайрат, отбасыларына береке, бақытты балалық шақ тілеймін», – деп ізгі ниетін білдірді Талғат Рахымұлы.
Айта кету керек, бұған дейін де Талғат Балабиев ауыл-ай­мақтағы көмекке мұқтаж отба­сылармен кездесіп, әріптесте­рімен бірлесе отырып, көмек қолын созып келеді.
Nur Otan партиясының бас­тамасымен аз қамтылған, мұқтаж, көпбалалы отбасыларға әлеу­меттік көмек көрсету мақсатында осы Хантағы ауылындағы 7 ба­ласы бар отбасыға қамқорлық жасап, оларға бірсыпыра спорт­тық костюм, аяқкиім, азық-түлік әперіп, «Жақындарымызға, ба­уырларымызға жәрдемдес» та­қырыбы аясында көмектесу­де­міз», – деді Талғат Балабиев.
Айта кету керек, біз барғанда үй иесі Аманкелді жұмыс іздеп кетіпті. Осы орайда көпбалалы ана Гүлжәмила Ахатаеваны сөзге тарттық.
Айтуынша, өздерінің баспа­насы жоқ. Ал мына тұрып жатқан үй мемлекеттен уақытша берілген екен. 2014 жылдан бері үй ке­зегінде тұрады. Содан бері 5 жыл өтті, әлі де пәтерге қол жеткізе алмай келеді.
«Үйіміз құлап қалғандықтан, қазір үйсіз жүрміз. Салып алуға жағдайымыз келмейді. Әкімдікке барып, үй кезегіне тұрғанбыз. Қазір 376-кезекте тұрмыз. Алайда қашан баспаналы болатынымыз белгісіз. Шиеттей бала-шағамыз бар, солар үшін өмір сүреміз. Ертең мына үйден қуып жіберсе, қайда барамыз? Баратын жеріміз жоқ», – деді.
Айта кету керек, Мырзах­метовтар отбасында 7 баланы қосқанда 10 адам өмір сүреді.
7 ба­ланың 5-еуі мектепке барса, қалған екі кішкентайы Әбіл­мансұр мен Нұрмұхаммед ана­сының қасында қалады.
Отағасы Аманкелді Мыр­захметов балаларының қамымен күндіз азын-аулақ нәпақасын табу үшін қалада түрлі жұмыс атқарады. Онда да күнделікті жұмыс табыла бермегендіктен, кейде үйге құр қол қайтатын кездері болып тұрады.
«Жұмыс істейін десем, мына бала-шағаға қарайтын адам керек. Сондықтан жұмыс істей алмаймын. Күйеуімнің табатын ақшасы өте аз, 30 мың теңге. Балаларға алатын жәрдемақының ақшасы – 15 мың», – деді көпба­лалы ана.
Осы орайда Nur Otan пар­тиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Сағынбек Асылбековті әңгімеге тартқанымызда ол жалпы Кентау қаласы бойынша көпбалалы отбасылар жайлы айтып берді. Сондай-ақ көпба­лалы отба­сы­ның бүгінгі жағ­дайына қатысты, оларды жұ­мыспен және баспа­намен қамту мәселелері бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
«Партиямызға үлкен міндет жүктеліп отыр. Қайырымдылық акциясы ауқымды көлемде өт­кізіліп жатыр. Акцияның негізгі мақсаты – осы елдегі аз қам­тыл­ған, тұрмысы төмен отбасыларға партия тарапынан демеушілер табу арқылы оларға қолдау көр­сету. Қолдау көрсете отырып, жер-жердегі кәсіпкерлерге үлкен ой салу. Себебі, әрбір жағдайы жақсы азамат, жағдайы төмен отбасыларға көмектесуі қажет деп ойлаймын», – деді.
Жалпы, Кентау қаласында 4 500 көпбалалы отбасы бар. Бү­гінде қалада 3 626 жеке кәсіпкер бар болса, оның бірқатары қа­йырымдылық істермен айналы­сып келеді. Яғни, олар осындай отбасыларға көмек көрсетуге ниетті.
Жақында ғана Елбасы көп­балалы аналарға әлеуметтік жәр­демақыларды көбейту, оларды баспанамен қамту туралы нақты тапсырма берді. Жоба 1 сәуірден бастап жүзеге аспақ. Осыған қа­тысты айтар болсақ, нұротан­дық­тар үкімет бекіткен бағдар­ла­маның жүзеге асуын бақылауға алды. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлерді осы іске жұмыл­дыруға күш салмақ.

Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы

Бөлісу: