Балабақшалар арзандады

661
0
Бөлісу:

Сарапшылар анықтағанындай, елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары қызметтерінің бағасы орташа есеппен бір жұмыс күні үшін 810 теңгеге дейін төмендепті.

Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің статистика ко­ми­тетінің дерегінше, бала­бақ­ша­лар әсіресе, астаналық ата-ана­ларға біршама қымбатқа түседі: елор­дада бір күн шамамен 1 940 теңге тұрады. Одан кейін ірі мегаполис – Алматы тұр. Онда бұл сома 1 мың 686 тең­­геге тең. Үштікті Ақтау тұ­йық­­тайды: облыста орташа есеп­пен баға бір рет келу үшін 1 042 теңгеге жететін көрінеді.
Бұл ретте өзге өңірде был­тыр­ғы жылмен салыстырғанда, бұл сектордағы қызметтер ар­зан­дап жатса, үштіктегілерде кері­сінше, қымбаттаған. Мәсе­лен, Астанада 2018 жылы осы көр­сеткіш 1 862 теңге (яғни, 4,2 пайызға көтерілді), Ал­матыда – 1 666 теңге (1,2%), Ақтауда 981 теңге (6,2%) ға­на болған.
Республика көлемінде 2019 жылғы ақпанда, өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда, баға ор­таша есеппен 814 теңгеден 810 теңгеге дейін, яғни 0,5 пайыз­ға тө­мендеген.
Ең арзан балабақшалар – Қы­зылордада (2018 жылы – 1 күн үшін 694 теңге болса, ал 2019 жылы – 608 теңгеге түсті), Тараз қаласында (екі жылда да 518 теңгеден) және Түркістанда (325).
2017 жылы Қазақстанда 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықта 1,51 миллион бала болған. Сонда олардың тек 862,3 мыңы үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қолжетімді бол­ған. Алайда кейінгі кезеңде рес­публикада балабақшалар са­ны қарқынды өсуде. Нәти­жесінде, 2018 жылы 3-6 жас ара­лығындағы балабақшаға жә­не мини-орталықтарға бара­тын балалардың үлесі 93%-ды құрапты.
Білім және ғылым министр­лі­гі осы жастағы бүлдіршіндерді мек­тепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуға 2020 жылға қа­рай қол жеткізілетінін жария­лады. Бес жыл ішінде балабақ­ша­лар саны 7,7 мыңнан 10,3 мың­ға дейін көбейді.

Бөлісу: