Роналду Чемпиондар лигасының матчтарынан шеттетілуі мүмкін (видео)

1064
0
Бөлісу:

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду  Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикомен» матч кезінде көрсеткен әрекеті үшін турнирдің бірнеше кездесуінен шет қалуы мүмкін. Бұл туралы El Mundo Deportivo  хабарлайды.

МОДРИЧ: «РЕАЛДА» РОНАЛДУДЫҢ ОРНЫН ЕШКІМ БАСА АЛМАЙДЫ

Егер жаза жүзеге асса онда футболшы 1/4 финалдағы «Аяксқа» қарсы болатын кездесулерге қатыса алмайды. Сондай-ақ туриндік клуб айыппұл төлеуі де мүмкін. Еске салсақ, «Ювентус» пен «Аякс» арасындағы алғашқы кездесу 10, ал қарымта матч 16 сәуірде өтеді.

ТУРИНДЕГІ ТОҚСАН МИНУТ: ОЙЫННАН КЕЙІН РОНАЛДУ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР (ФОТО, ВИДЕО)

Роналду бұл әрекетті «Атлетико» бас бапкері Диего Симеонеден көріп жасаған.

Анығырақ айтқанда, аргентиналық маман бірінші кездесуден кейін трибунадағы жанкүйерлерге қарата осындай қылық көрсеткен. Осы қылығы үшін УЕФА тәртіп комитеті Симеонеге 20 мың еуро айыппұл салды.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: