Футбол жаңалықтары: Роналдудың жазасы, Азар «Реалға» және Суарес жарақаты

796
0
Бөлісу:

УЕФА туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік істі ашты.

Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикоға» қарсы матч кезінде жанкүйерлерге қарата ерсі қылық жасаған болатын. Бірінші матчта осындай әрекет жасаған «Атлетико» бапкері Диего Симеонеге қарсы осылай жауап қатқан.

Егер тәртіптік кеңес қатаң шара қабылдаса Роналду ЧЛ ¼ финалында «Аяксқа» қарсы екі ойынға қатыса алмауы мүмкін.

РОНАЛДУ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ МАТЧТАРЫНАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН (ВИДЕО)

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы «Реал» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлді қатарына қосуға құлықты емес. «МЮ» футболшының жас мөлшері мен нарықтық құнына байланысты оның трансферінен бас тартқан. «Қызылдар» Бэйлдің орнына жас ойыншылармен келісімге келуі мүмкін.

21 наурыз күні Астанада ЕУРО-2020 іріктеу ойындары аясында болатын Қазақстан – Шотландия кездесуін сербиялық төрешілер бригадасы төрелік етеді. Бас төреші қызметіне Срджан Йованович бекітілген. Оның ассистенттері қызметін Урош Стойкович пен Милан Михайлович, ал резервтік төреші қызметін Новак Симович атқарады.

Матч 21 наурыз күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ ОЙНАЙТЫН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Бетиске» қарсы матч кезінде жарақат алған «Барселона» шабуылшысы Луис Суарестің жарақатынан айығуына 10-15 күн уақыт кетеді. Яғни, шабуылшы «Эспаньолға» қарсы матчқа қатыса алмайды. Сондай-ақ жарақат кесірінен уругвайлық шабуылшы ұлттық құрама кездесулерінен де шет қалмақ.

Дегенмен ойыншы ЧЛ ¼ финалында «МЮ»-ге қарсы болатын кездесуге дейін жарақатынан жазылады деп болжануда.

«Реал» лондондық «Челси» футболшысы Эден Азарды сатып алу бойынша алғашқы ұсынысты жасап үлгерді. Алайда «Челси» бұл ұсынысқа келіспеген.

Мадридтік клуб бельгиялық ойыншы үшін 82 млн еуро ұсынған. «Челси» өз көшбасшысын Мадридке жіберуге қарсы емес, алайда тек ол үшін 100-120 млн еуро ұсынылғанда ғана келіссөздерді бастауға дайын. Азардың «Челсимен» келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Биылдыққа Азар АПЛ-да 29 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас шығарған.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: