ТӨРТІНШІ МАҚСАТ. ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА

327
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясының жаңа бағдарламасы бойынша келесі онжылдықтың мақсаттарының бірі – инклюзивті экономиканы құру. Инклюзивті экономиканың мақса­ты – халықтың экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуін қамтамасыз ету және әлеуметтік топтар арасындағы кедергісіз өзара әрекеттесу. Қарапайым тілмен айтқанда, инклюзивті экономикаға сәйкес әрбір адам өзінің өмір сүру деңгейін сақтау үшін негізгі қажеттіліктерге қол жеткізуі керек: азық-түлік, су, киім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, білім, энергия.

Көптеген ел инклюзивті экономикалық өсуге арналған рецепт, яғни ин­вестиция­лардың жоғары деңгейі, жылдам инно­вациялық дамуы және жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуімен қатар халықтың кірістер теңсіздігін төмендетуге қол жеткізе алатын экономиканы іздеп жатыр.
Жалпы тәжірибеге сәйкес, елдің эко­номикалық жетістігінің стандартты өлшемі – ІЖӨ. Алайда жылдар бойы экономистер мұндай көзқарасты сынға алды. 2017 жылы Давостағы Дүниежүзілік эко­номикалық форумның зерттеушілері Инклюзивті даму индексі, Inclusive Development Index (IDI) негізінде мемлекеттердің экономикалық дамуын бағалаудың балама жүйесін ұсынды. Бұл көрсеткіш ЖІӨ ғана емес, сонымен қатар еңбек өнімділігі, өмір сүру ұзақтығы, кедейлік, жұмыспен қамту, мемлекеттік қарыз, қоршаған ортаны ластау және басқа да параметрлерді ескереді.
Қазақстан Инклюзивтік даму индексі бойынша 2018 жылы 74 дамушы елдің арасында 15-орынды иеленді (салыстыру үшін: Ресей 19-орында, Қытай 26-орында, Украина 29-орында). Мұндай орын біздің ел үшін тек бастамасы ғана болу керек.
Дүниежүзілік экономикалық форумның экономистерінің пікірінше, Инклюзивтік даму индексі елдің өмір сүру деңгейін барынша лайықты түрде көрсетеді және халық теңдігінің өсуін көрсетеді. Сонымен қатар экономистердің негізгі тезисі – үкіметтер экономикалық саясаттың бағытын түбегейлі өзгерту қажеттілігін түсінуі керек. Өйткені әлем бойынша өсіп келе жатқан теңсіздік және болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың жетіспеуі жақсылыққа апармайды.
Соңғы екі онжылдықта Қазақстан көбінесе либералды экономикалық саясат жүргізді. Бірақ экономикалық дамудың қазіргі деңгейі бізге әлеуметтік нышандарға бет бұрған сая­сатқа көшуге мүмкіндік береді. Бұл әлеу­меттік бағдар жаңа партиялық құжатында анық көрсетілген.
Инклюзивті экономиканы құру үшін бағдарлама, ең бастысы, қазақстандықтардың табысын арттыруды көздейді. 2019-2021 жыл­дары мемлекеттік қызметкерлердің жала­қысын көтеруге 980 миллиард теңге жұмса­лады. 307 млрд теңге атаулы әлеуметтік кө­мекке және мүгедектігі бойынша жәр­демақыны арттыруға бағытталады. Мемлекет бөліп жатқан қомақты қаражат экономикаға оң әсер етеді. Өйткені аза­маттардың төмен ақы алатын категориясы көбінесе отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Осылайша, «қарапайым зат­тар эконо­микасының» дамуына қосымша серпін берілетін болады. Оның үстіне, кәсіп­керлікті дамыту, қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау саясаты белсенді түрде жүр­гізіледі. Инклюзивті дамуды ынталан­дыратын инновациялық тетік ретінде микрокредит беру жүйесі ары қарай дамытылады.
Инфляция негізінен халықтың аз қам­тылған топтарына ауыр тиеді. Сондықтан партиялық бағдарламаның басымдықтарының бірі – макроэкономикалық тұрақтылық және де төменгі деңгейдегі инфляция. Ол үшін баянды фискалдық және ақша-несие саясаты маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының жай-күйін бақылау жұмысы әлсіремеуі керек.
Азаматтардың жинақ ақшасын сақтау және арттыру үшін тұрақты қаржы секторы өте маңызды. Банк жүйесі валюталық нарықтағы алып-сатарлық операцияларға немесе бөлшек несиелеуге бағытталмауы керек. Оның негізгі функциясы – нақты өндірістік секторды кредиттеу және елдің индустрияландыру саясатына жәрдемдесу. Осыған байланысты, ұлттық экономикалық мүддеге қызмет етуге тиіс қаржы жүйесінің архитектурасын құру мәселесі бірінші орынға шығып жатыр. Ұлттық Банктің екі жақты мандатын іс жүзінде жүзеге асыру ең маңызды, яғни Ұлттық Банк инфляцияға ғана емес, Үкіметпен бірге экономикалық өсуге де жауапты болуы керек.
Инновацияларды дамыту және енгізу – инклюзивті экономиканың негізгі қасиетінің бірі. Партия бағдарламасында инно­вация­ларды дамыту үшін салықтық ын­таландыру қажеттігі баса айтылған. Осы уақытқа дейін Қа­зақстандағы ғылыми зерттеулер мен әзір­лемелерді қаржыландыру негізінен мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Ғылымның осын­дай моделі тиімсіз және болашағы жоқ екенін әлем тәжірибесі дәлелдеді. Мәселені шешудің анық жолы – өндірістік сектордың ғы­лыми зерт­теулер мен әзірлемелерге деген жоғары сұра­нысын қалыптастыру. Бұл сұ­ранысты ту­дыра­тын негізгі факторлардың бірі – бизнесті са­лық жағынан ынталандыру. Осыған бай­ла­нысты партия біраз зерттеулер жүргізді. Жаңа инновациялық моделі ғылымды өндірістік сек­торды тұрақты қаржыландыруды, кадр­ларды тұрақты түрде дайындау, ғылыми идея­ларды тудыру және ынталандыру, оларды өн­дірістік секторға жедел енгізуді қамтамасыз етеді.
Қ.ОСПАНОВ,
Nur Otan партиясының Стратегиялық бастамалар институты
әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу: