90 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

362
0
Бөлісу:

Nur Otan партиясы Жуалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Наурыз челлендж» республикалық акциясы
аясында «Армысың, Әз Наурыз!» мерекелік қайырымдылық шарасы өтті.

Айтулы шараға партия аудан­дық филиалы Саяси кеңесі бюро­сының мүшелері, аудандық мәс­лихат депутаттары, Партиялық ба­қылау комиссиясы мен Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мү­шелері, БПҰ жетекшілері, пар­тия­ның аудандық кадрлық ре­зервінің резервшілері, нұротан­дықтар, кәсіпкерлер қатысты. Мерекелік шара барысында әр бастауыш ұйым өздері орналасқан елдімекендердегі 70 отбасына аудандық партия филиалы тара­пы­нан кәсіпкерлерді, партия ак­ти­він тарта отырып 13 отбасына азық-түлік, 4 отбасына қатты отын – 10 тонна көмір түсіріп, 1 азаматқа құлақ есту құралын, 5 отбасының балаларына тегін «Білімді ұрпақ» білім орталы­ғының сертификатын, 2 отба­сының балаларына план­шеттер табыс етті.
Бұл қайырымдылық шарала­рының жалпы құны 1 млн 750 мың теңгені құрады. Сонымен қатар өтінішпен қайырылған бір аза­маттың жалдамалы пәтер ақысы­ның тоқсандық үш айы кәсіп­кер­лер тарапынан төленіп берілді. Сон­дай-ақ аз қамтылған, көпбала­лы отбасыларға мерекелік бағдар­лама ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Наурыз мерекесін жуа­лылықтар осындай игі бастамамен атап өтті және шараны ұйым­дас­тырушылар мұндай қайырым­дылық шаралары жалғасын таба­тындығын тілге тиек етті.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу: