Әлеуметтік KPI партиясы

286
0
Бөлісу:

2019 жылы Қазақстанда адами даму парадигмасы жаһандық әрі ауқымды өзге­ріспен басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бекітіл­ген мемлекетіміздің әлеуметтік сипаты туралы конституциялық норма ауқымды және терең құбылыс көлеміне ие болды.

Елбасы еліміздің тарихында алғаш рет Үкіметтің алдына екі қарапайым әрі қысқа КРІ қой­ды: қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Ал Nur Otan пар­тиясын азаматтар мен мем­лекет арасын байланыстырушы негізгі буын және басты қоғам­дық бақылау институты ретінде айқындады. Енді мемлекеттік және партиялық аппараттың барлық жұмысы экономикалық индика­тор­­ларды қарқынды әлеуметтендіруге ба­ғытталатын болады. Мемлекет басшы­сының заманауи трендтермен бір ба­ғыт­тағы стратегиялық және за­манауи шешімін атап өту керек. Қазіргі таңда БҰҰ, ЭЫДҰ және Давос экономикалық форумы сияқты халықаралық ұйымдар мен әлемдік алаң­дардың ең жоғары мінбелерінен барлық мемлекеттің билі­гін экономи­ка­лық саясатты салалар мен кә­сіпорындарды қолдаудан әрбір адамның өмір сүру сапа­сын жақ­сартуға қайта бағыттау қа­жет­тілігі туралы үн­деу­лер айты­лып жатыр. Бутан және БАӘ өз үкіметтерінің құры­лы­мында Бақыт министрлігін құрды, олар бір­не­ше жыл бойы өз азамат­та­рының әл-ауқатын өлшеу инди­каторларын әзір­леу­мен және енгізумен айна­лысып келеді.
Соңғы жылдардағы тәжірибе көр­сеткендей, бүгінгі таңда мем­лекеттер ар­зан жұмыс күші­мен, табиғи ресурс­тар­дың бай­лығымен емес, адами капи­тал­дың сапасымен және мемле­кеттік менеджмент жүйесіндегі жаңа басқару технологияла­рымен бәсекеге түседі.
Урбанизация және онымен байла­нысты халықтың өз әл-ауқатын жақ­сарту сұранысының тұрақты артуы ресурстардың шектеулігі жағдайында бас­қа­рушылық шешімдер қабылдауға қысым жасайды. Бұл – екіжақты қозға­лыстағы жолақ, бұл кезде тиімді эко­номикалық даму халықтың әл-ауқа­тының өсуін қамтамасыз етеді және бір уақытта халықтың әл-ауқа­ты­ның артуы экономикалық өсу факторына айна­лады. Адами капитал туралы осы сер­піліс өте маңызды. Өйткені азаматтар эконо­миканың мәні және ел Президенті, Nur Otan партия­сының Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаев пар­тия­ның кезекті XVIII съезінде сөз сөйлегенде осы жөнінде ті­келей айтты: «Егер әрбір адам­ның әл-ауқатының өсуіне жет­кіз­бесе, кез келген эконо­ми­калық жетіс­тік­тер мен геосаяси жеңіс­тердің құндылығы мен маңызы жоқ».
Сарапшылар қоғамы мен азаматтық институттар «Ұлт көшбасшысының әлеуметтік тезистерін» әлі де ғылыми-академиялық ортада жете түсіну және пайымдау керектігі туралы пікір білдірді және оларды отандық, сол сияқты шетелдік ғалымдар жүргізетін іргелі, қолданбалы зерттеулерге енгізу ықти­малдығы жоғары.
Nur Otan партиясының XVIII съезі мемлекеттің жаңа әлеу­мет­тік саяса­тының басты алаңына айналды, басқа­рушы партияны еліміздің қоғамдық-саяси өмі­рінде ғана емес, әлеуметтік-экономикалық өмірінде де шешім қабылдайтын Think Tank деп аталатын, негізгі «ақыл орталығының» біріне айнал­дырды. Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған Мемлекеттік бағдарламалар мен реформа­лардың іске асырылу тиімділігін бағалау және мониторинг орта­лығы белгіленген трендтің ай­қын куәсі болады. Бұл ретте Үкі­мет пен Nur Otan партия­сы­ның ел Президенті қойған мақ­саттарға қол жеткізуде бірлескен жауапкершілігін атап өту керек.
Қазақстан экономикасын әлеумет­тендіру бойынша бар­лық жұмыстың маңызды стратегиясы – «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» пар­тияның 2030 жылға дейінгі бағдар­ла­масы. Ол – Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегия­сының, Қазақ­станның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және «Рухани жаң­ғыру» бағдарлама­сының логикалық жалғасы.
Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» және «Халыққа көмек» сияқты нақты жобалар арқылы өз бағдар­ла­масын іске асыру бойынша сарапшылар құрметіне ие болып қана қоймай, жо­балық менедж­менттің тиімді техноло­гиялары арқылы табысқа бағытталғанын көрсетеді. Осылайша, «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақса­ты» бағдарла­масының идеоло­гиялық мазмұны инди­каторлары түсінікті және алго­ритмдері қол­жетімді нақты істермен нық­талады. Ал азаматтық қоғамды осы жобаларға қатыстыру кері байланысты, ашықтық пен жариялықты қамта­масыз етуге мүмкіндік береді.
Қызықты әрі жауапты істің барлық қатысушыларының үйлесімді және тиімді қызметі халықтың барлық тобының әлеуметтік белсенділігіне сер­пін береді және Отанымыздың тұрақ­ты дамуын қамтамасыз етеді деп сенемін.

Серік КӨПБАЕВ,
«Инфинити» даму орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Бөлісу: