ЕЛІМЕН ЕҢСЕЛІ ЕР

392
0
Бөлісу:

– Өткен күндерге көз жү­гірт­сек, ел егемендігін алған­нан бері Елбасының басшылы­ғы­мен ауқымды экономикалық, саяси және әлеу­меттік ре­фор­малар жүзеге асырылды.
Шекарамыз шегенделіп, барлық елдермен дос­тық қатынас орнатылып, төрткүл дүниеге тең те­ре­зелі ел ретінде мойындады.
Қазақ елі әлемнің ең сыйлы, ең қадірлі мемле­кет­терінің біріне айналды. Сарыарқаның төсіне күл­лі әлем тамсанған әсем Астанамыз тұрғызылды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саяса­тының арқасында еліміз бейбітшіліктің бесігіне айнал­ды.
Бүгінгі Қазақстан – әлемнің төріне озған, бар­ша адамзаттық мәселелерге төрелік айтқан, дү­ние­нің ең азулы елдерінің басшыларын аузына қарат­қан мерейлі мемлекет.
Міне, сондықтан да әлемнің маңдайалды сая­саткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қа­зақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы және жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды.
Біздің алдымызда зор міндеттер тұр. Оның ең бас­тысы – Елбасы айқындап берген Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосу.
Мемлекет басшысы ширек ғасырға жетіп отыр­ған тәуелсіз тарихымызда бұдан да қиын сынақ­тарды жеңіп, ғаламдық дағдарыстың әсерінен туындап отырған қиындықтарды еңсеретін нақты жолдарды ұсынды.
Осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаев басқарған қуатты президенттік билік жүйесінің сақталуы мен Елбасының ел экономикасын жоғары қар­қын­мен дамытуға туғызған мүмкіндіктерінің, елі­міз­дегі бірлік пен ынтымақтың арқасында жетіп отырмыз.
Осы уақыт аралығында өтпелі кезеңнің қиын­шылықтарын артқа тастап, көпұлтты халқымыз­дың ауызбірлігі сақталып, еліміздің мәртебесі өсті. Ел ме­рейін үстем еткен Елбасының еңбегін сөз­бен ай­тып жеткізу мүмкін емес.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу: