ШАПАҒАТЫ МОЛ

343
0
Бөлісу:

Мемлекеттігімізді қалыптастырып, тәуел­­сіз­ді­гімізді баянды еткен, сөзсіз ұлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы бүгін маңызды мәлімдеме жа­сады. Күтпеген хабарды көңілдегі өкініш, қимастық, мақтаныш, құрмет пен ізет сезімдері аралас күйде тыңдадым. Миллиондаған қазақстандықтар дәл осындай күйде екеніне сенімдімін! Қазақстандықтар үшін Қазақстан мен Назарбаев санамызға егіз ұғымдай қалыптасып, бірлік пен тыныштықтың, береке мен дамудың символына айналған. Елбасының Қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор, Кеңес импе­риясы қираған сәтте ел тіз­г­інін қолға алып, сындарлы кезеңдерде өте күрделі реформаларға бет бұрып, қиын болса да дұрыс ше­шімдерді қабылдап, жас мемлекетіміздің қалыптасу бары­сында талай тығы­рықтардан шығара білген даналығы мен батылдығы арқасында халықтың сенімі мен құрметіне бөленді.
Елбасы кетпеді, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстан­дық­тармен бірге еліміздің дамып, өркендеуіне әлде де маңызды үлес қосатынына кәміл сенемін! Елба­сы­ның өмірлік тәжірибесі, халықаралық абыройы мен шынайы патриоттық ұстанымы Қазақстанға, бүкіл қазақстандықтарға ауадай қажет.
Ендігі жаңа кезеңде әлемге үлгі болып үлгерген бірлік пен ынтымағымызды ны­ғай­та отырып, Елбасы бастаған даму мен өркендеу жо­лынан таймай алға жылжу елін сүйген, ел тағды­рына алаңдаған барша азаматтың парызы деп білемін.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Nur Otan партиясы
Шымкент қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу: