Сарабдал саясат жемісі

332
0
Бөлісу:

– Әлем мойындаған Қазақстан. Стратегиялық жоспарын мерзімінен бұрын орындап, бәсекеге қабілетті елулік қатарына кіруді қамтамасыз еткен ел. Тұрақты экономика. Бірлік пен татулық. Қан­төгіссіз, қақтығыссыз өмір. Мұның барлығы Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Жылдар бойы xалқына бейбіт, мамыражай өмір қамтамасыз еткен Елбасының бүгінгі өкілеттігін тапсыруы жөніндегі мәлімдемесі елді елең еткізді. Мемлекеттің тұрақтылығын Елбасының арқасы деп білетін xалық болашағына алаңдап, ел тыныш­тығын тілей бастады. Өйткені xалық үшін Қазақ­стан мен Елбасы – егіз ұғым. Ажырамас аксиома.
Дана басшысының дара жолы, парасатты пайымы бізге әрқашан құнды. Елбасымыз – Тәуелсіз Қазақстанның дәуірі. Тұңғыш Пре­зидентпен мәңгі біргеміз! Тарихи сәтте Ұлы дала құдіретін әлемнің тұғырына көтерген дара тұлғаны қолдаймыз!

Нұрлыбек ОЖАЕВ,
Nur Otan партиясы
Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу: