УЕФА Роналдуға жаза тағайындады

665
0
Бөлісу:

УЕФА тәртіп комитеті «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың әрекетіне қатысты шешім шығарды.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикоға» қарсы матч кезінде жасаған ерсі әрекеті үшін футболшының жауапқа тартылатыны хабарланған болатын.

Бұл ретте шабуылшының бұл әрекетті «Атлетико» бас бапкері Диего Симеонеден «көшіріп», соған жауап ретінде жасағаны белгілі. Бұл үшін УЕФА аргентиналық бапкерге 20 мың еуро айыппұл салған.

Тәртіп комитеті Роналдуға да айыппұл тағайындаумен шектеліпті. Футболшы ерсі қылығы үшін 20 мың еуро төлеуі тиіс. Бірақ дисквалификацияға ұшырамайды, яғни ¼ финалда «Аяксқа» қарсы матчтарға қатысады деген сөз.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: