ЕЛБАСЫ мен ЕЛОРДА ЕГІЗ ҰҒЫМ

576
0
Бөлісу:

– Тәуелсіздіктің ең ауыр кезеңдерін еңсеріп, ұлт Көшбасшысына айналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихына қосқан үлесі өлшеусіз. Оны қазақстандықтар да, алыс-жақындағы шетел халықтары да түгел мойындайды. Ол экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда табандылық танытты. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір жеткен жетістігінде, бағындырған белесінде оның қолтаңбасы жатыр.
Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында халқымыз төл тарихында тұңғыш рет өзін туған жердің заңды иесі сезінді, баршамыздың жүрегімізді Отан үшін мақтаныш сезімі кернеді.
Елбасының бастамасымен ел ордасы Астана нағыз жасампаз қалаға айналды. Кеше ғана Қазақстан халқына ант беріп, Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет астанасына елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынып, бұл ұсыныс Парламентте бірауыздан мақұлданды.
Меніңше, бұл тарихи күндегі маңызды шешім десек, қателеспейміз. Себебі, Астана дегенде Елбасы көз алдымызға келеді. Екеуі егіз ұғым іспеттес. Со­ны­мен қатар барлық өңір Елбасының атына көше атауын беріп жатыр. Бұл да кейінгі ұрпақ үшін тарихын та­нуға, тарихи тұлғаларды құрметтеуге жасалып отырған үлкен сабақ және мүмкіндік деп есептеймін. Жаңа мемлекетті құрып, оны әлемдік қауымдастыққа танытқан, еңселі орда салған тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те, артық емес және мұнымен елі сүйген, елі сенген тұлғаға құрмет пен қошемет толастамайды.

Сайлаубай ӘБІШОВ,
Nur Otan партиясының ардагері

Бөлісу: