ӨТЕ ОРЫНДЫ ШЕШІМ

483
0
Бөлісу:

– Елордамыздың Тұңғыш Президентіміздің атымен аталуы тарихи оқиға болып тұр. Әлем тарихында оның мысалы бар. Солардың бірі – АҚШ-тың қазіргі бас қаласы – Вашингтон.
Тәуелсіздік алған алғашқы уақытта әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалымыз өте қиын 90-жылдары елордамызды сол кездегі Ақмола қаласына көшіру туралы Нұрсұлтан Әбішұлының шешіміне көпшілік қолдау білдірмеп еді. Тәуелсіз Республикамыз үшін жасаған басқа істерін айтпағанда, қазір сол шешімнің Қазақ елінің егемендігінің нығаюына, жер тұтастығының сақталуына кепіл болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Арқаның төсінде көрсең көзің тоятын Астанадай елордамыз бой көтерді. Еліміздің орталығы мен солтүстік аймағында қаракөздеріміздің үлесі артты. Тұңғыш Президентіміздің сол көрегендігі үшін елордамызға Елбасының атын беру туралы шешім өте орынды деп есептеймін.

Арман ЖҮДЕБАЕВ,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры

Бөлісу: