Есімі құрметке лайықты

496
0
Бөлісу:

– Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев – жаңа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға. Оның осы жылдары атқарған жұмысының барлығы елдің, халықтың көз алдында. Осы ретте қаншама игі жұмыстар атқарылды, тарихи шешімдер шы­ғарылды. Бір ғана ұлы дала төсінде Астананың бой көтеруі солтүстіктегі геосаяси жағдайлардың реттелуіне зор ықпал етті.
Екіншіден, Қазақстанның бір артықшылығы, басқа ТМД мемлекеттеріне қарағанда, елімізде көп ұлт пен этнос шоғырланған. Осындай көпұлтты елде саяси тұрақтылықты қалыптастырды. Ең бастысы, елдің тыныштығына, ауызбірлігі мен ынтымағына ерекше қызмет етті. Әрине, мұндай тыныштық, береке-бірлік бар елде экономикалық өсім болатыны сөзсіз.
Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдегі жағдай өте күрделі еді. Елбасымыз елді осы тығырықтан шығарды. Халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне зор күш салды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауда, ұлт рухын жаңғырту мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты іргелі еңбектері жазылып, Ұлттық домбыра күні бекітілді. Елімізде бейбіт өмір сүру үшін алпауыт мемлекеттермен тығыз байланысты, достық қарым-қатынасты жолға қойды.
Елбасы – ірі саяси қайраткер. Оның ұлы тұлға екенін қазір бүкіл әлем мойындап отыр. Сондықтан Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруі заңдылық деп ойлаймын. Бұл шешімді менімен жолыққан барлық замандасым да қолдап отыр.

Қали СӘРСЕНБАЙ,
«Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы,
Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі

Бөлісу: