Қызғалдақ сыйлап қуантты

576
0
Бөлісу:

Алматы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауда. Алматы әкімдігі мен Nur Otan партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты­ның «Қызғалдақ сыйла!» республикалық челленджін Астанадан қабыл алды.

Нәтижесінде, Наурызды той­лауға жиналған қауымға тәттіден шашу шашып, бір дана қызғал­дақ­тан таратылды. Алматы қалалық Мәдениет басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Данияр Алиевтің айтуынша, мерекелік челлендж жалғасады.
– Біз осы акция арқылы тұр­ғындардың көңіл күйін көтереміз. Наурыз – тек қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ мей­рамы. Береке мен молшы­лық­тың символы іспеттес, шашу ша­шылды. Бұл – қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Шашудан ауыз тиген адамның үйінде той бо­лады деген сенім болған. Қазақ­тың әр шаңырағында қандай азда­ған қуаныш болсын, шашу ша­шылатын болған. Сонымен қатар алматылықтарға бауырсақ тара­тыл­ды, – деді Данияр Алиев.
Жасотандықтардың мақса­ты – елге қуаныш сыйлау. «Соған қарамастан, бұл ғажап гүлдің бесігі, түп-тамыры бәрібір осында. Сондықтан «Қазақстан – қыз­ғал­дақтың отаны» деп сеніммен айта аламыз. Міне, сондықтан «Жас Отан» Жастар қанаты әрбір адамға үндеу жолдайды – «Қызғалдақ сыйла» бастамасына үн қосы­ңыздар! Гүл сыйлаңыздар! Гүл тар­ту еткенде өз шаруасымен асы­ғыс кетіп бара жатқан адамдардың еріксіз жымиып, шынайы қуа­нышқа бөленетінін байқайсыз. Өйткені қызғалдақ – табиғаттың жаңаруының символы, сұлулық­тың белгісі», – дейді ұйым­дастырушылар.
Астана алаңында өтіп жатқан Наурыз мерекесінде ұлттық ой­ын­дардан сайыс жеңімпаздары ба­ғалы сыйлықтармен марапатталды.

Майра ЖАНЫСБАЙ

Бөлісу: