Дін қызметкерлері ақпараттық түсіндіруді жаңаша сипатта жүргізеді

384
0
Бөлісу:

Ертең  сағат 10:00-де Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының жалпы жиналысы өтеді. Жиналыс барысында РАНТ мүшесіне үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап береді.

2018 жылда РАНТ-ның 28 мүшесі жұмыс істеді. Арнайы жиналыс өтіп нақты тапсырмалар берілді. Ереже таныстырылды, келісім шартқа қол қойылды. Осының нәтижесінде өңірлер бойынша 250-ге жуық жалпы кездесу, 150  жеке кездесу өтті.

 

РАНТ-ның биылғы құрамындағы өзгешеліктер.

– Биылғы құрамға өкіл имамдардың ұсынысымен жаңадан отыз адам кіргізілді;

– РАНТ мүшесі екенін куәландыратын бір жылдық мерзімге арналған куәліктерді табыс етуді қолға алдық;

– Жыл сайын сараптама өткізетін боламыз;

– Әр шыққан сапардың есебі және нәтижесі алынатын болады;

– ҚМДБ бекіткен ереже орындамаған жағдайда РАНТ-нан шығарылу мәселесі қаралады;

– Биыл РАНТ және ЖАНТ тобына арналған әдістемелік құрал жасалу үстінде;

– Өкіл имамдар және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ұстаздары жұмыстарының көптігінен РАНТ тізімнен шығарылды.

Бөлісу: